Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019

Ақтөбе облысы жылыту маусымына дайын

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы  әкімдігінде  аймақ басшысы  Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Ақтөбе облысы жылыту маусымына дайын

Оған облыс әкімінің орынбасары, департамент, басқарма басшылары мен «Энергосистема» ЖШС, «ҚазТрансГазАймақ» АӨФ, ҚТЖ ҰК «Магистралдық желінің Ақтөбе бөлімшесі» АҚ филиалының  өкілдерімен видебайланыс режимінде аудан әкімдері қатысты. Ақтөбе облысы бойынша  2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы туралы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының м.а Қаржаубай Ыбрайымұлы баяндады. Жылыту  маусымына қазандықтар, 274,5 шақырым жылу желілері  100% жөндеуден өткен. Жылыту маусымының үздіксіз өтуі үшін әлеуметтік салаларға  бүгінгі күні 33 237,1 тонна көмір  және 1 750,0 тонна сұйық отын жеткізілген.  Жылу алдымен әлеуметтік маңызы бар мекемелерге қазан айының бірінен бастап беріледі. 

Алдағы жылыту маусымына халыққа 37 мың тонна көмір қажет. Бүгінгі күнге 88 вагон немесе 6 160 тонна көмір жеткізілді, сонымен қатар апта сайын 500-700 тонна көлемінде көмір отыны жеткізілуде.  Сату бағасы тоннасына 15 200-16 500 теңгені құрайды. Тұрмыстық көмір отыны бірқалыпты сатылуда,  қазіргі таңда күнделікті сату көлемі 40-50 тонна болып отыр. Облыс тұрғындары үшін көмір отыны Шұбаркөл, Майкөбен, Екібастұз, Қаражыра көмір алаптарынан жеткізіледі.

«15 қазанға дейін жылыту маусымына дайындықты аяқтау қажет,  аудан әкімдері  жергілікті көмір тасушы компаниялармен тиісті жұмыстар жүргізсін,  қажетті отынды тасымалдауды бастап, тұрғындарға қауіпсіздіктің алдын-алу бойынша да түсіндіру жұмыстары  тиісті деңгейде атқарылсын»,- деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай ақ жиында қосымша  өрт сөндіру  бекеттерін салу,  өнеркәсіп нысандарының технологиялық жабдықтарының жағдайы, ескірген жабдықтарды алмастыру және жаңарту туралы мәселелері қаралды. 
Оңдасын Оразалин жылыту маусымына  қатысты  орынбасары Рахат Сыдықовқа  аудан әкімдерімен біріге  көтерілген мәселелерді  жүйелі түрде шешуді тапсырды.