Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Көк айдында көршілер жаттығуда

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий – достық теңізі делінеді, сондықтан алып су айдынының жағалауын мекен еткен көрші елдердің әскерилері бірлесе жат­тығу жасап, күш-қайраттарын жетілдіруі әрі өзара тәжірибе алмасуы дәстүрлі қалыпқа енген. Міне, тағы күздің қоңыр салқын мез­гілінде Каспий теңізінде Қазақстан мен Ресей әскерлерінің бірік­кен теңіз оқу-жаттығулары өтуде.

Көк айдында көршілер жаттығуда

Бірлескен оқу-жатты­ғу­­­ларына Қазақстан Республи­касы Әскери-теңіз күштерінің «Орал», «Са­ры­арқа», «Маң­ғыстау» және «Қа­зақстан» ракет­алық-артил­­лерия­лық ке­ме­лері Ресей Федерациясы Әскери-теңіз күштерінің Кас­пий флотилиясымен бірге  қа­тысуда.

Оқу-жаттығулар Каспий те­ңі­зінің қазақ­стандық ак­ва­­тория­­сында өтіп, 22 қыр­күйекке дейін созылады. Жуырда Ақ­тау қа­ласының портына ре­сей­­лік «Татарстан» кемесі мен «Сту­­пинец» катері, сонымен қо­­са 2 гидро­графикалық кеме, ра­ке­та­лық және рейдтік тралдар, құтқару буксирі мен кіші тан­­­кер келген болатын. Оқу-жат­­­тығуларға Қа­зақстан Әс­ке­­ри-теңіз күштерінің бас қол­бас­­­­шы­сы, контр-адмирал Сәкен Бек­­­жанов жеке басшы­лық етуде.

– Жаттығу барысында Қа­зақ­стан мен Ресей Әскери-теңіз күштері біріккен топта­рының жаңа ұрыс формалары мен әдістерін зерделеуге бас­ты назар аударылмақ. Екі ел­­дің теңізшілері арнайы опера­циялар мен ұрысты жүргізу бойынша бірқатар мә­селені пысықтап, кемелердің бір­лес­­кен іс-қимылдарын, тапсырманы орындау ор­нын­­дағы маневрлерді жү­зеге асыратын болады. Осы жаттығулардың нәтиже­сін­де екі елдің б­і­ріккен штабтарының үй­ле­сімділігі бағаланып, офи­цер­­лердің бі­лік­тілік деңгейі сын­ға алы­­на­ды, – дейді бір­лескен оқу-жат­тығу жөнінде ақпарат берген  капитан Р.Игисинов.

Қазақстандық және ресей­лік әскери теңіз­шілер біріккен оқу-жаттығулардан бө­лек, Ха­лық­аралық армиялық ойын­­дары ба­рысында өзара іс-қи­мылдарды бірлесе өт­кізіп, ма­шық­тану шеберліктерін жетіл­­ді­ріп келеді.

 

Маңғыстау облысы