Спорт • 20 Қыркүйек, 2019

Роман Григорчук: Мықты футболшыларды жинақтаған командаға қарсы тұрдық

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Манчестер Юнайтед» — «Астана» арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук ағылшындық баспасөз өкіліне ойын туралы пікірімен бөлісті. Бұл туралы «Aстана» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Роман Григорчук: Мықты футболшыларды жинақтаған командаға қарсы тұрдық

- «Манчестер» туралы ойын алдындағы баспасөз жиынында айтқанымды тағы да қайталаймын. Біз күткендей, алаңда өте жақсы әрі қызықты команданы көрдік. Өте жақсы ойнай алатын, ойын жүйесі ерекше, мықты футболшыларды қатарына жинақтаған командаға қарсы тұрдық,- деді елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук.