Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Қарағандыда халықаралық айтыстың жеңімпаздары анықталды

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын-жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Қарағандыда халықаралық айтыстың жеңімпаздары анықталды

Қазылар алқасының шешімімен екі бас жүлде тағайындалып, оларға Мақсат Аханов пен Жандарбек Бұлғақов лайықты деп танылды. Қарағандыдағы айтысқа арнайы келген Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек екі ақынның әрқайсына екі миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Бірінші орын мен 1 миллион теңгенің жүлдесі Өміржан Көпбосынов  пен  Бауыржан Шермединұлына бұйырды.

Дидар Қамиев, Мұхтар Ниязов және Төлеген Жаманов екінші орын жүлдегерлері атанды. Ал үшінші жүлдені Айбек Қалиев, Бүркітқазы Әділбек, Әсем Ережекқызы, Бекарыс Шойбеков және Нұрмат Мансұр өзара бөлісті.

Сондай-ақ «Сәкен Сейфуллин қорының» арнайы сыйлығы қырғызстандық Жеңішбек Тоқтобековке тапсырылса, айтыстың ең жас қатысушысы Жұлдызай Маратбекова «Асанәлі Әшімов қорының» арнайы сыйлығына ие болды.

Еске салсақ, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыста Қырғызстан, Моңғолия, Қытайдан және еліміздің түпкір-түпкіріген келген 18 айтыскер өнер жарыстырған болатын. Айтыс Қарағанды облысының әкімдігі мен Nur Otan партиясының қолдауымен өтті.