Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Семейде Әмина Өмірзақова атындағы республикалық театр фестивалі басталды

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде әйгілі актриса Әмина Өмірзақованың 100  жылдығына арналған республикалық театр фестивалі басталды.

Семейде Әмина Өмірзақова атындағы республикалық театр фестивалі басталды

Шараның басталуы алдында Қазақстан театрлар қауымдастығының вице-президент Асхат Маемиров пен Қазақстанның Халық әртісі, қазақтың Қыз Жібегі Меруерт Өтекешова брифинг өткізіп, журналистерге сұхбат берді.

«Фестивальге еліміздің 12 театры қатысады. Ерекше атап өтерлігі, мұндай фестиваль Семейде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр» деді А.Маемиров.

СЕМЕЙ