Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

«Екі жұлдыз» байқауы Алматыда басталды

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жолғы байқаудың қасытушылары – мүмкіндігі шектеулі азаматтар. «Мүмкіндігі шектеулі болса да, тұла бойлары тұнған өнер екендігін көрсетуге келген олар үшін бұл фестивальдің маңызы ерекше» дейді ұйымдастырушылар.

«Екі жұлдыз» байқауы Алматыда басталды

Осы хабарды таратып отырған Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі осымен төртінші мәрте өткізіліп отырған байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз және Павлодар қалаларынан өнерпаздар келгенін айтты. 

Сайыстың басты талабы – әндер тек қазақ тілінде орындалуы қажет. Екі жұлдыз» фестивалінің директоры Әзизхан Әділхановтың түсіндіруінше іс-шара енді осымен төртінші рет, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында   өтейін деп отыр. «Біздің мақсатымыз – зағип, көз жанары көрмейтін өнерпаздардың ортасынан таланттарды елге таныту. Республика бойынша 20 адам,  10 жұп келіп отыр»,  деді «Екі жұлдыз» фестивалінің директоры Әзизхан Әділханов

Сайыстың басты талабы – әндер тек қазақ тілінде орындалуы қажет. Одан бөлек, көше әндері, халық композиторларының әндері болып екі топқа бөлінген.  

Осы байқаудың басы-қасында жүрген сазгер Елжан Белғозиев  мүмкіндігі шектеулі  азаматтардың да арасында неше түрлі таланттылар бар екенін,  есту қабілеті қатты дамитынын еске түсіріп өтті.

«Қазіргі теледидардың бетін бермей жүрген әншілерге, фонограммамен шығып жүрген әншілерге олар керісінше үлгі болуы керек,. Бұлардың арасынан бүгін талант шығатынына мен сенемін», – деді композитор Ержан  Белғозиев.