Руханият • 23 Қыркүйек, 2019

Батыс Қазақстан мемлекеттік уни­вер­ситетінің студенттері Әсел Мәмбе­товамен кездесті

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік уни­вер­ситетінің студенттері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайрат­кері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Әсел Мәмбе­товамен кездесті.

Батыс Қазақстан мемлекеттік уни­вер­ситетінің студенттері Әсел Мәмбе­товамен кездесті

Тоқсаныншы жылдары Алматы қаласының театрсүйер жұртшылығы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған театры сахналаған Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» қойылымына қалмай баратын. Әсіресе басты рөлдегі Гүлбаршын – Әсел Мәмбетованың өнері көрерменді ерекше әсерге бөлейтін. Актрисаның мемлекеттік «Дарын» сыйлығына ие болған жылдары да сол кез.

Ә.Әбішевтің «Мәди» (Ділдар), У.Шекс­пирдің «Жазғы түндегі түс» (Гермия), А.П.Че­­ховтың «Чайка» (Нина Заречная), Ф.Оңғар­сынованың «Бақыт пен қайғы» (Ақын қыз), С.Асылбековтің «Рабиғаның махаббаты» (Роза); Ғ.Мүсіре­повтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (Күнікей) және басқа спектакльдерде бас­ты рөлдерді сомдаған Әсел Мәмбетова «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды. 2000 жылдан бері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, аға оқытушысы болып, өнер жолын қуған шәкірттеріне тәлім-тәрбие берді.

Соңғы жылдары Әсел Иманғалиқызы өзінің туған жері – Батыс Қазақстан облысына оралған болатын. Бүгінде Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында қызмет ететін актриса оқытушылық қызметін де жалғастырып келеді. Сахна шеберінің 60 жылдығына орай өткен шығармашылық кеште Әсел Мәмбетова Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағымен және «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Батыс Қазақстан облысы