Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019

Маңызды мәселеге мейлінше мән берілді

239 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған Төлеубек Мұқашев, Қайрат Қожамжаров және өзге де комитет мүшелері Ақмола облысында жұмыс сапарымен болып, әскери және техникалық оқу орындарының жағдайымен, сондай-ақ арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты.

Маңызды мәселеге мейлінше мән берілді

Республикадағы әскери (ар­наулы) оқу орындарының да­муы комитеттің көшпелі отыры­сындағы талқыланған мәселе­лердің өзегі болды. Щучье қа­ла­сындағы Қорғаныс министрлі­гінің Кадет корпусында болған се­наторлар оқу бағдарламасымен, білім ошағының ғимараттарымен, сондай-ақ әскери қызмет­кер­лердің әлеуметтік-тұрмыстық жағ­дайларымен танысты. Депу­тат­тарға кадет корпусының мате­риал­дық-техникалық базасы, осы заманғы құрал-жабдықтармен қам­тамасыз етілген заманауи сы­ныптар және спорт залы көр­се­тілді.

Комитет мүшелері мұнан соң Көкшетау қаласындағы мамандандырылған өрт сөн­діру бөлімінде, Ішкі істер минис­тр­лігінің Төтенше жағдайлар ко­митетінің техникалық институтында болды. Өрт сөндіру бө­лімі былтыр пайдалануға беріл­ген. Бұл құрылым қаланың сол­түстік бөлігін өрттен қорғай­ды. Сөз арасында осы заманғы өрт сөндіру техникасымен қам­тамасыз етілгендігін, қызмет­кер­лерге қызметтік және әлеуметтік жағдай жасалғанын айта кетуі­міз керек. Биылғы жылдан бас­тап өрт сөндіру бөлімінің ғи­ма­ратында Көкшетау техникалық институтының оқу орталығы жұмыс істей бастаған. Депутаттар институттың оқу корпусын аралап көрді. Сондай-ақ оқырмандар залы бар кітапхана, әкімшілік ғимарат, зертхана, шағын баспахана, курсанттар жатақханасы және спорт залымен танысты. Комитет мүшелері Ішкі істер министрлігі басшылығының баян­дамасын тыңдады. Минис­трдің орынбасары Юрий Ильин­нің ақпаратында жаңғырту аясында институттың төрт оқу орта­лығы құрылғандығы айтылды. Оқу орталығының материалдық-техникалық базасы жақсарған. Бір жыл бұрын 909 миллион теңге қаражат бөлініпті. Келер жылдан бастап институттың профессор-оқытушылық құрамының жала­қысы 25 пайызға өспек. Одан кейін оқу корпусы мен жатақхана салу мәселесі тұр.

Қазақстан Республикасы  Пар­ламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіп­сіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапарын қорытындылай келе, Дариға Назарбаеваның бас­шы­лығымен өткізілген бұрынғы көшпелі отырыстарда көтерілген мәселелердің қалай шешімін тауып жатқандығына тоқталды. Мықты мамандар даярлау мәсе­лесін әлі де жетілдіре түсу қажет. Күн тәртібіндегі барлық мәсе­лелер комитеттің тұрақты бақылауында болмақ.