24 Қыркүйек, 2019

Қарағандыда "Kúzdik Jarty Marathon" жеңімпаздары анықталды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасы Қарағандыда өткен "Kúzdik Jarty Marathon" жарысына Қырғызстан, Өзбекстан, Норвегия, Польша, Ресей мемлекеттерінен және еліміздің әр өңірінен келген 2 мыңға жуық желаяқ қатысты.

Қарағандыда "Kúzdik Jarty Marathon" жеңімпаздары анықталды

Спорттық шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары үшін спорттық-концерттік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысында ерлер арасындағы басты сында күзетші болып жұмыс істейтін қарағандылық Вячеслав Слободенюк үздік шықты.

– Жүгіру менің хоббиім. Жұмыстан кейін кешке қарай ылғи жүгіремін. Бастапқыда 14-15 шақырымға жүгіріп жүрдім, қазір 30 шақырым қашықтыққа жүгіремін, – дейді Вячеслав Слободенюк.

Енді ол келесі жылдың мамыр айында өтетін Аrmanga Jol жартылай марафонында топ жарғысы келеді.

Ал әйелдер арасында болған басты қашықтықта Нұр-Сұлтан қаласынан келген Әсел Құспанова жеңімпаз атанды.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған күзгі жартылай марафон бұдан былай дәстүрлі түрде өкізілетін болады.

Еске салсақ, жартылай марафонның бағдарламасы 21 км 97,5 метр, 14 км және 7 км болатын үш түрлі қашықтықтан тұрады.