Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019

 Нұр-Сұлтанда бірінші SPE Симпозиумы өтті

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Каспий өңірінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне арналған SPE Симпозиумы (SPE – Мұнай-газ өнеркәсібі инженерлерінің қоғамы) өз жұмысын бастады. Kazakhstan Energy Week 2019 аясында өткізіліп жатқан симпозиумның негізгі ұйымдастырушысы болып «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  табылады. Бұл туралы аталмыш компанияның жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

 Нұр-Сұлтанда бірінші SPE Симпозиумы өтті

Іс-шараны SPE техникалық директоры Йохана Данлоп, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, NCOC басқарушы директоры Ричард Хоув, KAZENERGY бас директоры Болат Ақшолақов, Мұнай және газ өндірушілері халықаралық қауымдастығының қауіпсіздік бойынша директоры Олав Скар ашты.

Симпозиумға Каспий өңірінде қызмет ететін 300-ден астам мұнай-газ компанияларының өкілдері, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша әлемдік және жергілікті сарапшылар қатысуда. Талқылау табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік тақырыптарын қамтыды. Қатысушылар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында инновацияларды енгізу тәжірибесімен алмасты.

Айта кетейік, ҚМГ іс-шараның ұйымдастырушысы болуы кездейсоқ емес. Бүгінде компания жарақат алудың, жазатайым оқиғалардың және экологияға жағымсыз әсерді болдырмауға ықпал ететін алдын алуды жүзеге асыруға ерекше назар аударуда. 2019 жылдың басынан бері өндірістік жарақат алу оқиғалары 25%-ға төмендетілді. Алайда компания жазатайым оқиғалар бойынша нөлдік көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында үздіксіз жаңа әдістемелерді іздестіруде.

 

Маңғыстау облысы