Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1563
Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:36
2012 жылғы 7 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
1998 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:36
2012 жылғы 7 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
1998 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1563 қаулысымен бекітілген
Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды
қамтамасыз етудің заттай нормалары
Р/с
№ Атауы Өлшем бірлігі Бірлікке ең төменгі қажеттілік,
оның ішінде
Ветеринариялық ұйымдар Ветеринариялық пункт
1. Жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге арналған аспаптар мен құралдардың ең төменгі қажетті тізбесі
1 2 3 4 5
1. Ветеринариялық іс-шаралар жүргізгенде жануарларды қозғалтпай ұстауға арналған құрылғы бірлік 1 1
2. Инесіз инъекторлар бірлік 2 1
3. Термочемодан дана 2 1
4. Жаппай екпе жасауға арналған аппарат (металдан жасалған) жиынтық 1 1
5. Кутиметр дана 4 1
6. Ұнтақ беру құрылғысы (дәрі-дәрмек үшін) дана 1 1
7. Бұқаға арналған мұрын сақинасы дана 5 5
8. Қайшы дана 3 2
9. Мақта (зарарсыздандырылмаған) орауыш (50 гр) 5 5
10. Ветеринариялық термометр дана 3 2
2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған
атрибуттардың ең төменгі қажетті тізбесі
11. Суық және ыстық таңбалауды жүргізуге арналған аппарат дана 1 1
12. Сырғалауды жүргізуге арналған аппарат дана 1 1
13. Өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтер дана 1 1
14. Жануарлардың жеке нөмірлерін есепке алуға арналған сканер дана 1 1
15. Аспаптарға, құралдарға және атрибуттарға арналған сөмке дана 1 1
3. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған
құрал-саймандардың ең төменгі қажетті тізбесі
16. Ұрақтандырушы техниктің чемоданы (жинақталған) дана 1 1
17. Микроскоп дана 1 1
18. Дьюар ыдысы, 35 литр дана 1 0
19. Дьюар ыдысы, 6 литр дана 0 1
4. Жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөнінде қызметтер көрсету үшін жабдықтардың ең төменгі қажетті тізбесі
20. Ветеринариялық препараттарға
арналған
тоңазытқыш дана 1 1
21. Хладогенті бар
қызу сақтайтын
ыдыс
(көлемі 100×100×200
см кем емес) дана 1 0
22. Металл шкаф (қос есікті, габариті кемінде 181,3*38*45,7 см, аспаптар мен
ветеринариялық препараттарды сақтау үшін) дана 1 1
5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары салған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырды), мал соятын алаңдарды күтіп-ұстауға арналған жабдықтардың ең төменгі
қажетті тізбесі
23. Автомашина, сыйымдылығы 500-600 литр УАЗ 390945 шассиіндегі дезинфекциялау қондырғысы (ДҚ) бірлік 1 0
6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға арналған
аспаптар мен құралдардың ең төменгі қажетті тізбесі
24. Жабайы ит пен мысықтарды аулаудың ілгекті қарулары жиынтық 2 1
7. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлеріне арналған аспаптар мен құралдардың ең төменгі қажетті тізбесі
25. Ветеринариялық хирургиялық үлкен жинақ бірлік 1 1
26. Анатомиялық ветеринариялық жинақ бірлік 1 1
27. Ветеринариялық акушерлік жинақ бірлік 1 1
28. Биологиялық материалға арналған мұздатқыш дана 1 0
29. Тұтқасы бар штативтер үшін бүйірінде жиегі
бар биологиялық материалды тасымалдауға арналған
чемодан, ішкі контейнер: клипсасы бар пластикалық қап, суперабсорбенті бар пакет дана 1 1
30. Ветеринариялық құралдарды және материалдарды тасымалдауға арналған пластикалық жәшік 2 1
31. Шыны шприц, 2 мл дана 4 2
32. Шыны шприц, 5 мл дана 4 2
33. Шыны шприц, 10 мл дана 4 2
34. Шыны шприц, 20 мл дана 4 2
35. Шыны шприц, 150 мл дана 1 1
36. Кетгут орама
(5 м) 2 2
37. Акушерлік ілгек дана 1 1
38. Ірі малдарға арналған резеңке асқазан зонды дана 1 1
39. Магнитті зонд дана 1 1
40. Желіннің ұшына арналған катетер дана 4 4
41. Фонендоскоп дана 1 1
42. Троакар дана 2 2
43. Ірі және ұсақ малдарға арналған ауыз ашу құралы дана 2 2
44. Бикс дана 1 1
45. Стерилизатор дана 1 1
46. Спринцовка дана 4 2
47. Сұйық дәрілік заттарды беру құрылғысы дана 1 1
48. Жабынды қақпағы бар банка дана 10 10
49. Тұяқ пышағы дана 1 1
50. Тұяқ қысқышы дана 1 1
51. Жануарлардың өлексесін және биологиялық материалдарды өртеуге арналған құрылғы дана 1 1
8. Ветеринарлық дәрігерлердің функционалдық міндеттерін орындауға арналған жалпы техниканың,
жабдықтар мен мүкәммалдың ең төменгі қажетті тізбесі
52. Жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы автомашина
(арнайы жабдықтармен жасақталған: аспалы гидропультпен, автотоңазытқышпен, мал союға және патологиялық материалдарды алуға арналған құралдарымен, құрылғылар мен дезинфекциялаушы заттарға арналған науамен) бірлік 1 1
53.
Мал тасымалдауға арналған тіркеме (жүк көтеру шамасы 6 тн.)
бірлік 1 0
54. Пластиктен жасалған қақпағы бар, мал тасымалдауға арналған тіркеме (жүк көтеру шамасы 2 тн және одан жоғары) бірлік 0 1
55. Ұйымдастыру техникасы, оның ішінде: жиынтық 2 1
жүйелі блок
монитор
клавиатура
компьютерлік тінтуір
операциялық жүйені, Microsoft Offise толық пакетін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз ету
көпфункционалдық лазерлік құрылғы (копир, сканер, принтер)
АРС тұрақтандырғышы (үздіксіз қоректену көзі)
56. Офистік жиһаз, соның ішінде:
жазу үстелі дана 5 1
орындықтар дана 6 2
киімге арналған шкаф дана 2 1
кітап шкафы дана 2 1
сейф дана 1 0
57. Қуаты кемінде 5 кВт электргенераторы (негізгі электр жүйесі авариялық ажыратылған кезде электр тоғын генерациялау үшін) бірлік 1 1
58. Кір жуғыш машина дана 1 1
59. Мырышталған шелектер дана 2 2
60. Педальдық шелектер дана 2 1
61. Қолжуғыш дана 1 1
62. Жеке қорғану құралдары, оның ішінде: бірлік 5 2
ақ халаттар
көк/қара халаттар
ақ телпектер
көк/қара телпектер
бетперде
клеенкалы жеңғап
63. Клеенкалы алжапқыш дана 2 1
64. Биялай (акушерлік, хирургиялық) жұп 20 10
65. Резеңке етік жұп 5 2
66. Қорғау көзілдірігі дана 5 2
67. Респиратор дана 3 2
68. Күрек дана 1 1
69. Айыр дана 1 1
70. Балта дана 1 1