Руханият • 25 Қыркүйек, 2019

Шеберлікті шыңдайды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық му­зейінде «Алматым – алтын ұям» атты іс-шара ұйым­дастырылды. Бұл «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мем­лекет­тік бағдарламасы шең­берінде жүзеге асқан жос­парлы жұмыстардың бірі.

Шеберлікті шыңдайды

Алматы  –  қазақстандықтардың мақтанышы, жайлы, көшелері кең, әдемі ғимараттары, саябақ­тары, гүл алаңдары мен фонтан­дары көп жасыл желекке ма­лынған, сәулелі қала. Сонымен қатар Алматы – ғылыми, мәдени, та­рихи, өндіріс және еліміздің қар­жы орталығы саналады.

«Алматым – алтын ұям» ат­ты бұл іс-шараға шаттықты шаһар­дың өндірдей өнерге ұм­тылған бейнелеу өнері мек­тептері қатысты, сондай-ақ аталмыш мерекеге орай балалар шы­­­ғар­машылығының көрмесі ұйымдастырылды.

Олардың қатарында «ArtLab» бейнелеу өнерінің креативті мектебі, «Да Винчи» және «Art Mix studio», «Божья коровка», «Шедевр» студиялары бар.

Жас талантты суретшілер сүйікті қаласының көрнекі жер­лерін, мәдени және тари­хи ес­керткіштерді, түрлі архитек­ту­ралық шеберлікпен салынған ғимараттар мен саябақтарды, сонымен қатар қаланың символдарын өздерінің жаңа туындылары арқылы келушілерге ұсыныс білдірді.

Фестиваль аясында Оқушылар сарайы және Алматы облысы, Қарасай ауданы Абай ауылының «Шырқа» өнерге баулу орталығы балаларға арналған концерттік бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ «Менің тұратын қалам» атты слайд-викторинасы, «Алматы қаласының тарихы» музейіне келушілерге арналған викторина, «Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары» атты байқау ұйымдастырылды. Одан бөлек шараға қатысушылар үшін қаланың бейнелеу өнері студияларының жетекшілері тарапынан шеберлік сабақтарынан тәлім берілді.

 

АЛМАТЫ