06 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1562

258 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1562

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:42

2012 жылғы 7 желтоқсан,   Астана, Үкімет Үйі

«Зоологиялық  коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы №1413 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
«Зоологиялық  коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы №1413 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №50, 658-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесінде:
1-тармақта «және бақылау» деген сөздер алынып тасталсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зоологиялық  коллекцияларға жануарлар дүниесі объектілері тұлыптарының, жұмыртқала­рының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөліктерінің, оның ішінде хайуанаттар парктері, зообақтар, цирктер, зоологиялық питомниктер, аквариумдер, океанариумдер жабайы жануарларының ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік және эстетикалық құндылығы бар жинағы жатады.»;
3-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Зоологиялық  коллекцияның иесі оны мемлекеттік есепке қою мақсатында қызметтерді жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні ішінде «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті уәкілетті органды хабардар етеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тиісті уәкілетті орган зоологиялық  коллекция иесінің хабарламасына сәйкес оны тізілімге енгізеді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Зоологиялық  коллекциялар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Кедендік одақтың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.»
көрсетілген ережеге 1-қосымшадағы 9,10 және 15-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген ережеге 2- және 3-қосымшалар алынып тасталсын.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі       С.Ахметов.