Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2019

Маңғыстауда іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды

709 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл Маңғыстау облысы көлемінде өткен республикалық «Заңсыз келуші-Арна-Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында орын алды.

Маңғыстауда іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара «2025 жылға дейін кезеңде заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылдың ұжымдық жүйесін дамыту жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әрекеттері жоспарының» 2.1-тармағына сәйкес өткізілген.  Іс-шараның төрт күнінде бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, олар Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің келесі баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, қоғамдық орындарда тиіскені үшін (ҚРӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігі) – 1 шетелдік,
сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 669 бап) – 3 шетелдік;

шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 517-бабы) – 762 шетелдік,

шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 518-бабы) – 65 ҚР азаматы тартылды.

Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 519-бабы) – 36 тұлға жауапқа тартылып,
қабылдау-тарату орынына – 66 азамат қамалды.

Сот органдарының шешіміне сәйкес елден тыс жерге – 91 шетелдік шығарылса, 766 шетелдіктің уақытша болу мерзімдері қысқартылды.

Сондай-ақ Ішкі істер органдарында 766 адам есепке алынды және сотқа дейін тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне сәйкес (ҚР ҚК-нің 430-бабы бойынша «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау» -1, ҚР ҚК-нің 392-бабының т.1 бойынша «ҚР-ның Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өту» - 1 ) 2 шетел азаматына қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, шара аясында іздеуде жүрген 6 қылмыскер құрықталды.