Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1567
Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:45
2012 жылғы 7 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 7 желтоқсандағы №1567 қаулысымен бекітілген
Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:45
2012 жылғы 7 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 7 желтоқсандағы №1567 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелері жоқ объектілердің құрылысын салуға арналған жобалық шешімдерді келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы №2, 21-құжат:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелері жоқ объектілердің құрылысын салуға арналған жобалық шешімдерді келісу ережесінде:
6-тармақтағы 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін халықаралық, ұлттық стандарттар, шет мемлекеттердің стандарттары, алдын ала ұлттық стандарттар;
2) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қазандағы №949 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №40, 449-құжат):
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесінде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Өрт сөндіру қызметін және өрттің алдын алу жұмысын ұйымдастыру тәртібін, өрт сөндіру деполарының, өрт сөндіру техникасының санын, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің санын осы Ережеге сәйкес ұйымдар мен объектілердің басшылары белгілейді»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттарды осы Ережеге 1-қосымшада келтірілген мемлекеттік емес өртке қарсы құжаттарының тізбесіне сәйкес ұйым немесе объект басшысы белгілейді.».
3. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жаңа талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №1-2, 6-құжат):
Көрсетілген қаулымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:
45-тармақ алынып тасталсын.
4. «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №16 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №3-4, 8-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Өрт машиналары өрт депосы ғимаратында орналастырылуы тиіс. Қалалар мен елді мекендерді, шаруашылық жүргізу объектілерін қорғауға арналған өрт сөндіру депосының түрі, автомобильдер саны, үй-жайлар құрамы мен олардың алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында қолдану үшін рұқсат етілген құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес анықталады.»;
15-тармақ алынып тасталсын.