Қоғам • 25 Қыркүйек, 2019

«Jastar Alany 2019» республикалық дебат турнирі аяқталды

470 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда «Jastar Alany 2019» республикалық дебат турнирі аяқталды. 18-29 жас аралығындағы 120-дан астам қара сөз шеберлері турнирдің жеңімпазы және жалпы жүлде қоры 4 000 000 теңге үшін тартысқа түсті.

«Jastar Alany 2019» республикалық дебат турнирі аяқталды

Бұл жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен» КЕАҚ бірлесіп іске асырылды. Жобаның негізгі мақсаты Жастар жылы аясында Қазақстандағы дебат қозғалысын жандандыру және дебат федерациясын құру.

«Жоба аясында біз дебатшыларға арналған сайт жасалынады. Ол сайт арқылы әр дебатшының өзінің рейтингі болады. Облыстық, республикалық деңгейде жеткен жетістіктері жазылып тұрады. Сонымен қатар әрбір өткен ойындардың, оның ішінде облыстық ойындардың да, төрешілердің де рейтингтері жасалынатын болады», «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек.

«Jastar alany 2019» республикалық дебат турнирі орыс лигасының Американдық парламенттік формат жеңімпаздары Әлихан Қазенов пен Қанат Ноғойбаев, Малика Мамирова мен Талғат Омаров, Әлішер Жүзгенбаев пен Мұхтар Ташкенбаев болды. Ал Әлішер Жүзгенбаев «Линкольн – Дуглас» форматының жеңімпазы деп танылды. Сондай-ақ қазақ лигасының Американдық парламенттік формат жеңімпаздары Тастанбаек Ердәулет пен Ибадулла Әсел, Жолдасбек Лаура мен Боранбай Абылай, Тұрсынов Бақытжан мен Молдақашев Қуаныш болды. «Линкольн-Дуглас» форматының жеңімпазы болып Айдынов Шыңғыс атанды.

Кештің көркін қыздырған «Stars Game» ойыны болды. Бұл ойынға танымал блогерлер мен вайнерлер Ақсултан Қалиев, Ғани Әжікенов, Эльдана Сатыбалдиева қатысты.

Сонымен қатар, жоба аясында турнир қатысушылары мен төрешілері үшін семинар, оқыту тренингі өткізілді. Оның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға пікірталас бойынша тренинг өткізу үшін жаттықтырушылар мен төрешілердің сертификаттары берілді. Қазан айында дебатерлерге арналған сайтпен мобильді қосымшаның тұсаукесері өтеді. Тайм-киперлерді алмастыруға арналған мобильді қосымшаның қазіргі таңда Қазақстанда баламасы жоқ.