Ішкі істер органдарына сарбаздарды қызметке шақыру мақсатындағы кездесуде сарбаздар Полиция департаментінің қызметімен танысып, мұражайын аралады. Оларға Ішкі істер органдарына қызметке тұрудағы талаптары түсіндірілді.
- Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тәртіп сақшыларының басты міндеті. Сондықтан аса жауапты қызметте сақшылардан тиянақтылық, білімділік пен біліктілік талап етіледі. Қоғамға, халыққа қызмет ететін сақшылардың сапын лайықты жастармен толықтыру – маңызды міндеттердің бірі. Полиция департаментінде полицейлермен өткен кездесу сарбаздар бойынша тәртіп сақшысы қызметіне деген қызығушылықты оятып, әскердегі мерзімді уақыты аяқталған соң, біздің қатарымызды толықтыруына қанаттандырады деп ойлаймын, - дейді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті кадр саясаты басқармасы ұйымдастырушылық штаттық тобының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы полиция подполковнигі Т.Сералиев.