Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2019

Алматының бизнес кеңістігіндегі бос салаларды скрининг анықтайды

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда импорт алмастыру, экспорт, туризм, сауда, экономиканы цифрландыру сияқты салалардағы зерттеулер өзекті болып отыр. Сол себепті бұл скрининг осы бағыттарды тереңірек талдауға мүмкіндік береді.

Алматының бизнес кеңістігіндегі бос салаларды скрининг анықтайды

«Экономикалық дамудың аспектілерін жан-жақты зерттеу кез келген мәселені дер кезінде шешу үшін қажет. Атап айтқанда, импортты алмастыру үшін отандық кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру,  отандық өнімді экспортқа шығару, туризмді дамыту, сауда хабын құру, ІТ-саласын дамыту арқылы экономиканы цифрландыру және «ақылды қала» жобасын жүзеге асыру сынды бағыттарда бірқатар түйіні тарқамаған сұрақтар бар. Ал бұл сауалнама оңтүстік астананың экономикасын  қолдау және ары қарай дамыту үшін, қаланың барлық бизнес мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында қажет»,  – дейді Нариман Әбілшайықов. 

Жаппай  кәсіпкерлікті дамыту үшін нарықтағы сұраныс пен бизнес иелерінің қажеттіліктерін білу өте маңызды.

Осы мақсатта қалалық кәсіпкерлер палатасы мен қала әкімдігі бірлесе отырып арнайы скрининг жүргізуді қолға алды. Бұл сауалнама бойынша деректер тұрғын үйлерді аралау, телефон арқылы сұхбаттасу және жекелей әңгімелесу нәтижесінде бір ортаға тоғыстырылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде мегаполисте скринингке қатысатын 176 мың кәсіпкер мен 69,5 мың үй иесі бар. Сонымен қатар, палата басшысы скрининг нәтижелері мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мен қабылдау кезінде негізгі көмекші құралға айналуы тиіс екенін атап өтті.