26 Қыркүйек, 2019

Кәсіпкерлер Алматы қаласы Бостандық ауданында 13 балалар алаңқайын жасап берген

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алматының Бостандық ауданындағы 13 балалар алаңқайының абаттандыру жұмысын кәсіпкерлер жасап берген. Жыл соңына дейін тағы да 20 алаңның көркі кірмек» деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлер Алматы қаласы Бостандық ауданында 13 балалар алаңқайын жасап берген

Бостандық ауданының тұрғындары өздерін алаңдатқан мәселелерді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бір ай бұрын кездесуде айтқан еді. Қойылған 117 сұрақтың 18,6 пайызы шешімін тауыпты. Ал 89 сұрақтың жауабы тікелей қалалық басқарманың шаруасы екен. Ал соңғы сегіз айда ауданда жоспарланған жұмыстың 60 пайызы орындалыпты.

Сондай-ақ іскерлердің көмегімен 270-ке жуық көпбалалы отбасы үшін қайырымдылық акциясы өткен.

«Биыл 8 айда аудан бойынша бюджетке 285 миллиард теңге түсті. Жоспарланған жұмыстар 63 пайызға орындалған және оның жүзеге асуына республикадан 201 миллиард, ал жергілікті ауданнан 83 миллиард  теңге бөлінген. Ауданда 5 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорны белсенді жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында 34 үйдің шатыры жөнделіп, 22 көпқабатты тұрғын үйдің 45 лифтісін ауыстыру жұмыстары аяқталды», – дейді Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов.

 

АЛМАТЫ