Қоғам • 26 Қыркүйек, 2019

Дәрігерді қай кезде үйге шақыра аласыз

500 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Маңғыстау филиалы әңгімелеп берді. 

           

Дәрігерді қай кезде үйге шақыра аласыз

«Тұрғындар өзін нашар сезінсе, бірден 03-ке қоңырау шалып, жедел-жәрдем шақыруды ойлайды», - дейді «Медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының бөлім басшысы Баспаева Мадина. Ал шын мәнінде жедел-жәрдем 2 жағдайда келеді, бірі шұғыл көмек, екіншісі жедел көмек. Шұғыл көмек егер науқастың өміріне қауіп төніп жатса көрсетіледі, ал жедел  көмек науқастың өміріне қауіп төнбегенімен, ауруы асқынып тұрса, яғни жедел көмек көрсетуді қажет деп тапса көрсетіледі.  Дегенмен кей жағдайда «Жедел жәрдемге» жүгірмей-ақ, учаскелік дәрігерді үйге шақыртуға болады.

«Жедел жәрдемді» егер адамның денсаулығына қауіп төнді деп күдіктенгенде, есінен танған адамды көріп қалғанда, науқастың оқыстан тыныс алуы нашарласа, адам есінен танып, әлсіздікті сезінсе, қозғала  алмаса, науқас психикалық ауытқуды сезініп, өзіне және жанындағыларға қауіп төндірсе, түрлі жарақат түрін алған кезде, оқыс қан кеткенде, әйелдерде толғақ қысқан кезде, ауру бірден асқынып кеткенде және жағдайларда шақыру керек.

Жедел жәрдемнің негізгі мақсаты – асқынған ауруды басып, немесе ауруды уақытша жеңілдету, ауруханаға жеткізгенше шұғыл көмек көрсету, бірақ алдағы уақытта қалай емделу қажеттігі туралы кеңес бере алмайды.

Ал жалпы практикалық дәрігерді үйге шақыртқанда мүлде басқа көмек түрін аласыз. Шұғыл көмектен бөлек, олар сіздің диагнозыңызды анықтап, сауыққанға дейін науқасты бақылауда ұстайды. Егер қажет болса, дәрігер бірден анализ алып, ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдай алады. Созылмалы ауруға шалдыққан науқастың дәрігер шақыртқан уақытта барлық анализ нәтижелері мен ем-дом тарихы қолында болуы тиіс.

Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен заң бойынша, науқастар дәрігерді белгілі бір жағдайларда үйге  шақыра алады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының бас сарапшысы Жармаева Салтанат Боқайқызының айтуынша, науқас өздігінен емханаға келе алмаса немесе науқасты әкелетін адам болмаған жағдайда өзі тіркелген емхананың көмегіне жүгінеді.

Сондай-ақ науқастың дене қызуы 38 С градустан жоғары болса, хал-жағдайдың бұзылу белгілерімен күре тамыр қан қысымының жоғарыласа, іш өтсе, жүріп-тұруға  кедергі келтіретін төменгі аяқ буындары мен  омыртқаның қатты ауруы, бас айналу, қатты лоқсу, құсу, емханаға өзіндік келуге мүмкіндік бермейтін созылмалы ауру қалыптары (ісік ауруларының қауіпті ағымы, мүгедектік (I–II топ),сал ауруы, аяқ-қолдардың шала салдануы), қоршаған ортаға қауіп төндіретін, жұқпалы ауру түрлері, тасымалдауға келмейтін науқастар, науқастың көлігі болмаған жағдайда емханаға келе алады.  

Ескерте кететін жайт, тұрғындардан келген шақыртулар емхананың жұмыс уақытында жүзеге асады. Дәрігердің міндетіне сараптамаға бағыттау қағазы немесе анықтама беру кірмейді.

Енді дәрігерді қалай шақыртуға болады деген сұраққа жауап іздейік. Мұның екі әдісі бар. Өзіңіз тіркелген емханаға барып, тіркеу бөліміне шақырту қалдыра аласыз немесе үйде отырып тіркеу бөліміне қоңырау шаласыз. Қоңырау шалғанда міндетті түрде науқастың аты-жөні мен мекен-жай, ЖСН нөмірі мен ауру себебін қысқаша айту керек. Тұрғындар дәрігердің үйге  оңай келіп-кетуіне жағдай жасағаны дұрыс.

           

Соңғы жаңалықтар