Технология • 27 Қыркүйек, 2019

Smart City қызметі қосылады

694 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында «CIO and Digital Professionals Workplace 2019» конференциясы өтті. Жиын барысында «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау мен Түркістан облыстары әкімдіктері бастаған бірқатар компаниямен меморандумдарға қол қойды. Ынтымақтастық аясында тараптар Ақтау, Түркістан және Арыс қаласында Smart City қанатқақты қызметін іске қосуға арналған жобаларды енгізу мүмкіндігін қарастырады.

Smart City  қызметі қосылады

Smart city (Ақылды қала) – бұл азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында инновациялық ше­шімдерді енгізу есебінен қала­лық ре­сурстар мен қызметтерді бас­қару­дың тиімділігін арттыру және ин­фра­құрылымды жетіл­діру жөніндегі бас­тама. Игі бастама алдағы жылдары еліміз­дің бірқатар қалаларында жүзеге асырылмақ.

Бұған дейін Премьер-Министр Ас­қар Маминге Арыс қаласын цифрлы тансформациялау мүмкіндігі таныс­ты­рылған болатын. Енді аталған үш қа­ланың қоғамдық және жол бейне­бақылауы, орталықтардағы ашық
wi-fi, талшықты-оптикалық байланыс жә­не «LPWAN» желісі көбейтіледі. Со­ны­мен қатар экологиялық мониторинг жүргізу мен жедел жәрдемнің диспетчерлік қызметін автоматтандыру жоспарланған. Бұдан бөлек, ме­морандумға сәйкес цифрлы даму және «Big data» енгізу мүмкіндігін қарастыру мәселелері бойынша тараптар арасында өзара іс-қимыл жүр­гізу көзделген. Бұл ретте «Big data» оптималды шешім қабылдауға септігін тигізеді.

Конференция барысында ин­фра­­құрылымды оператор тарапы­нан кә­сіп­орындарда цифрлы трансфор­ма­циялаудың жаңа бағыттарын дамыту ту­ралы ұсыныстар айтылды. Компания спикерлері дайын технологиялық база мен телеком-оператор ұсынатын мүмкіндіктер туралы мәліметтермен бөлісті. Қазақстандағы бірқатар индус­триялық жобалар жиналғандар арасын­да талқыланды.

Ал жүзеге асырылған цифрлы транс­­­формациялау жобаларының мы­са­­лы ретінде Smart Aqkol тәжірибе­лері ескерілетін болады.

«Smart Aqkol жобасының негізгі мақсаты қаладағы түрлі қызметтің жұмыс нәтижесін бақылау үшін ақпа­раттық ағындарды өңдеу базасында «ақылды қала» моделін құру. «Smart Aqkol» тұжырымдамасына ин­фра­құрылым, біріктірілген жүйе­лер және сигналдар беру мен деректерді бақылау және оны талдау эле­менттерінің желісі кіреді. Барлық де­ректер жағдаят орталығына – диспет­чер залы бар, мониторинг жасауға арналған бейне-қабырғамен, бейнеконференция байланысы жүйесімен, колл-орталығымен жабдықталған объектіге түседі», деді «Қазақтелеком» АҚ кор­поративтік бизнес дивизионының депар­тамент директоры Самат Имбаев.

Оның айтуынша, Индустрия 4.0 жобаларын жүзеге асыру аясында компания кәсіпорындарда сымсыз технология түрінде дайын инфрақұрылымды ұсынып отыр. Бұл – LORA базалық стан­­сасы, «ақылды каскалар», түтін бел­гісін беру құралдары, радиациялық сигналдарды мониторингілеу және өлшеу. Сонымен бірге телеком-опера­­тордың серіктестермен бірге жүк көлік­терінің жұмысын бақылауға ар­налған мобильді АТС құру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Компания са­рап­шыларының пікі­рін­ше, «ақылды кө­ліктің» рөлі өте ма­ңызды, себебі көп­­теген кәсіпорын мен мем­­лекеттік ме­­ке­меде онсыз жұ­мыс жүргізу мүмкін емес.

Ақкөл Қазақстандағы коммуналдық қызметтердің барлық тұтынушылары толығымен цифрландырылған бірін­ші қала. Smart Aqkol жобасының тұжы­рымдамасы қауіпсіздіктен эко­логияға дейін 11 бағыттан тұратын «ақыл­ды» қала­ларды дамытудың бір­ыңғай стандартына кіреді. Егер Ақтау, Түркістан және Арыс қалаларында Smart City қыз­меті толық енгізілсе, елі­міздегі «ақылды қалалар» саны көбейе түспек. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жай­лы тұрмыс кешуіне пайдасын тигізуге тиіс.