Спорт • 27 Қыркүйек, 2019

ММА: Нұр-Сұлтанда кімдер айқасады?

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 қазанда Нұр-Сұлтанда ережесіз жекпе-жектен өтетін M-1 Challenge 105 турнирінде екі бірдей чемпиондық белбеу үшін бәсекелер өтеді.    

 

ММА: Нұр-Сұлтанда кімдер айқасады?

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы қазақстандық Сергей Морозов америкалық Джош Реттингхауспен айқасады. Жерлесіміз M-1 Challenge нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғайды. Ал қарсыласы осы күнге дейін бірде-бір мәрте жеңілген емес.

Аса жеңіл салмақтағы Арман Әшімов уақытша чемпион атағы үшін таласады. Оның қарсыласы – канадалық Крис Келадес.

Сондай-ақ сол кеште Сәбит Жүсіпов ресейлік Глеб Хабибуллинмен, Қадыржан Абылайхан бразилиялық Рафаэль Диаспен күш сынасады. Ал Асу Алмабаев пен Жұман Жұмабековтің қарсыластары әлі анықталған жоқ.