Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі былтыр 22 363 несие берген. Яғни, бір жыл бұрын орташа есеппен алғанда күніне 133 отбасы баспаналы болса, ал биыл олардың саны 190-ға дейін артқан.
Жалпы банктегі займның орташа сомасы 10,6 млн теңгені құрайды. Атап айтсақ, несиенің 38%-ы салымшыларға пәтерді жаңа салынған үйден сатып алу мақсатында берілсе, ал 58%-ы – қолданыстағы үйден пәтер сатып алу үшін берілген.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жұмыс жасағалы бері 204 208 қазақстандық отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.
Олардың ішінде 88,7%-ы баспана иесі атанды, 6%-ы несиені өз үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында алған, 1,5%-ы несиені жер үй салу мақсатында алды және 0,7%-ы несиені жер телімін сатып алу мақсатында алған.