Үкімет • 27 Қыркүйек, 2019

Асқар Мамин «Nur Otan» қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады

39 реткөрсетілді

Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінде берген халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыру бойынша тапсырмасының, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» мемлекетін қалыптастыру бойынша міндеттердің аясында «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдауды өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

«Nur Otan» қабылдауына еліміздің түрлі өңірлерінің тұрғындары электрмен, сумен жабдықтаумен қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды дамытуға қатысты проблемаларымен және басқа да мәселелермен жүгінді. 

Күмісжан Мифтахова Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер кентінің 14 мыңнан астам тұрғынының атынан аталған елді мекенді электрмен қамтамасыз ету мәселесін көтерді — кентте небәрі 10 трансформатор қосалқы станциясы жұмыс істейді, соның салдарынан энергиямен қамтамасыз етуде проблемалар туындап отыр. 

А. Мамин Энергетика министрлігіне және Ақмола облысының әкімдігіне қысқа уақыт ішінде үздіксіз электрмен қамтамасыз етумен АТЭК балансына барлық электрмен қамту нысандарын беру мәселесін пысықтауды, сондай-ақ тарифтегі айырмашылықтарды азайтуды қарастыруды тапсырды. 

Алматы облысының Қарасай ауданының тұрғыны Базаркелді Анисов қабылдауға «Ақсеңгір – Шамалған» темір жол өтпесінде көпір салу туралы өтінішімен жүгінді.

«Көпір мен жаяу жүргіншілер өткелі салынып, 2020 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі», — деді А. Мамин. 

Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және Ақмола облысының әкімдігіне нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар жергілікті билік орындарына тұрғындар мен автокөлік құралдарының темір жолды күнделікті әрі қауіпсіз кесіп өтуіне байланысты ағымдағы мәселелерді шешу тапсырылды. 

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 330 тұрғынының атынан партия қабылдауына аудандағы 11 кентте орталықтандырылған сумен қамтудың болмауы проблемасын шешу өтінішімен Асыл Байтулақов жүгінді. 

Үкімет басшысы қазіргі уақытта құны 4,5 млрд теңге болатын топтық су тартқыштарын салу жобасы әзірленгенін айтты, бұл келесі жылдың соңына дейін туындап отырған ауданды сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді. 

Атырау қаласынан келген кәсіпкер Өтеміс Жұмағалиев «Атырау – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша әуе билеттерінің құнын төмендету туралы мәселені көтерді. 

А. Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында әуе билеттерінің құнын төмендету және бәсекелестікті күшейту мақсатында «FlyArystan» әуе компаниясы құрылғанын айтты, ол 2020 жылдың мамыр айынан бастап Атырауға әуе рейстерін орындауды бастайды. Бұл ретте әуе билеттері оларды алдын ала сатып алған жағдайда ең төменгі тариф бойынша сатылатын болады (5-10 мың теңге). Сонымен қатар, көлік қатынасын жақсарту үшін «Атырау – Ақтөбе» және «Атырау – Астрахань» автожолдары қайта жөнделеді. 

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына Шымкент қаласының 195-орамының (Бадам) 3400 тұрғынының атынан мектеп мұғалімі Гүлназ Әбдірова жүгінді. Оның айтуынша, ауданда электр беруде үнемі іркілістер бар. 

Премьер-Министр Шымкент қ. 195-орамының 828 үйін электрмен жабдықтау үшін 244 млн теңге бөлінгенін айтты. Жұмыстарды осы жылдың желтоқсан айында аяқтау көзделген. Су құбырын және газ желілерін салу келесі жылға жоспарланған.

Қаралған әрбір жүгіну бойынша Үкімет басшысы әкімдіктердің, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардың басшылығына нақты тапсырмалар беріп, азаматтарды көтерілген мәселелердің шешімі жеке бақылауына алынатынына сендірді. 

Алдағы уақытта азаматтардың өтінімдеріне шұғыл әрекет ету мақсатында ҚР Премьер-Министрі Үкімет мүшелеріне «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауларында халықпен жүйелі түрде кездесулер өткізуді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені № 6

Руханият • Бүгін, 11:57

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:55

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы    

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:52

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:45

Ең қысқа әңгіме. Мағжан Қалымбекұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:42

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:40

Ең қысқа әңгіме. Алтынғадыс Күнтуғанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:39

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:36

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:31

Ең қысқа әңгіме. Күлайна Оразбекқызы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:30

Ең қысқа әңгіме. Құрманғазы Жұмағұл

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:29

Ең қысқа әңгіме. Құрманжан Қасымжанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:19

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:18

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Бүгін, 09:18

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Бүгін, 09:16

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Бүгін, 09:14

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Бүгін, 09:13

Уәдеге берік бол!

Бүгін, 09:11

Тіл тірлігі – тілге мұқтаждықта

Руханият • Бүгін, 09:07

«Аққу ақын» Атырауға келді

Әдебиет • Бүгін, 08:57

Таластан шыққан дипломат

Руханият • Бүгін, 08:54

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Бүгін, 08:50

«Жетісу» – жеңімпаз

Спорт • Бүгін, 08:50

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Бүгін, 08:45

Салық төлеушілер баға қойды

Қазақстан • Бүгін, 08:23

Қарқыны бөлек «Қаламқас»

Экономика • Бүгін, 08:22

Қара сиырым қарап тұр...

Қоғам • Бүгін, 08:21

Қазақ өзі қандай халық?

Руханият • Бүгін, 08:19

Тәу етер мекен – Тарбағатай

Руханият • Бүгін, 08:16

«Елтану» – ертеңшіл жоба

Руханият • Бүгін, 08:15

Тарихымыздың құты – Тайқазан

Руханият • Бүгін, 08:12

Ұқсас жаңалықтар