Терминдерді іріктеу мен ресми бекітуге қойылатын негізгі талаптарды айқындау семинардағы баяндамалардың басты тақырыбы болды. ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Ш.Құрманбайұлы өз баяндамасында терминдерді іріктеудің критерийлерін және принциптерін белгілеу мәселесін көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді.
Семинарды Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешов ашты.
Шарада терминдердің жазылу үлгісі мен терминологияның тілдік нормативтік шарттары мәселелері көтерілді. Сондай-ақ терминтану ғылымының бүгінгі ахуалы мен терминжасамның басты қағидалары бойынша көпшілікке ақпарат беруге арналған электрондық алаңды таныстырды.
Ісшараға Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, жетекші ғалымдар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлері, тіл саласы бойынша өңірлік басқарма басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Республикалық әдістемелік семинардың қорытындысы бойынша терминдерді іріктеу критерийлерін белгілеуге, принциптерін айқындауға бағытталған қарар қабылданды.