«Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (Türkiye Büyük Millet Meclisi) төрағасы, профессор Мұстафа Шентоп мырзамен кездесіп, ғылым-білім саласында ынтымақтастықты тереңдету туралы пікірлестік. Таяуда ғана елордада өткен Парламент спикерлері жиыны қарсаңында академияға арнайы келген төраға алған жақсы әсерімен бөлісті. Өзі де ғалым болғандықтан Шентоп мырза ғылыми байланыстардың маңыздылығына тоқталып, түркі диаспоралары шоғырланған елдерде зерттеулер жүргізудің қажеттілігіне назар аударды. Әсіресе, Балқан түбегіндегі бауырлас халықтарға қатысты нақты ұсыныстарын жеткізді. Біз де академияның аясы кеңейіп келе жатқанын айтып, тамырлас жұрттар жөніндегі іргелі ізденістерімізді баяндадық», деп жазды Дархан Қыдырәлі.
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (Türkiye Büyük Millet Meclisi) төрағасы, профессор Мұстафа Шентоппен кездесті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше