Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2019

Қостанайлық депутат балалар үйі түлегінің баспаналы болуына көмек берді

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұхтар Нұрқанов балалар үйінен 2004 жылы кеткен болатын. Қазір жол құрылысы саласында жұмыс істейді. Айына 50 мың теңге жалақы алады. Бұл жалға алған үйінің ақысына ғана, айдан айға тамағын асырауға ғана жетеді. Ол осыдан 8 жыл бұрын Қостанай қалалық әкімдігіне үй кезегіне тұрған болатын. Бірақ арендалық үйдің кезегі жақындар емес. Ал жылдан жылға пәтер ақысы да қымбаттап барады.

Қостанайлық депутат балалар үйі түлегінің баспаналы болуына көмек берді

Суретті түсірген Константин Вишниченко

Балалар үйі түлегінің жағдайы «Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі менеджерлерінің назарын аударды. Қостанай облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жетекшісі Қуаныш Бекбасов облыстық мәслихат депутаттарын және осы мәселеге назар салған мемлекеттік органдарды жас жігіттің баспаналы болуына көмектесуге шақырды.

З.Алдамжар атындағы әлеуметтік-техникалық унверситетінің ректоры Қадырғали Жаманбалин балалар үйі түлегінің пәтерге кезегі келгенге дейін көмек қолын созатынын білдірді. Ол Мұхтарға жеке меншік жоғары оқу орнының жатақханасынан бөлме ұсынды. Мұхтар жақын күндері жатақханаға көшетін болады.

«Мұндай қабылдауды біз апта сайын жүргізетін боламыз. Бұл Президенттің соңғы Жолдауында айтылғандай, «еститін мемлекеттің» жарқын мысалы. Азаматтардың құқын жүзеге асыру мемлекеттік органдар жұмысындағы басымдық болуы тиіс және қоғамдық белсенділер мен қайраткерлердің бақылауында болады», дейді Қуаныш Бекбасов.

 

Қостанай