Қоғам • 28 Қыркүйек, 2019

Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі А. Көлгінов Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады.

Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады

Осы жылдың тамыз айында өткен Nur Otan Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы халықпен өзара іс-қимылды күшейтуді, атап айтқанда, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын жандандыруды тапсырды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «қоғаммен байланысты нығайтып, халыққа есеп беріңдер» деп тапсырма берді.

Осылайша, тұрғындар медициналық көмек алу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, қысқы кезеңде көмірмен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасу және т. б. мәселелер бойынша өтініш білдірді. Үш ай ішінде елорда әкімі азаматтардың жеке қабылдауында 450-ден астам адамды қабылдады.

Сондай-ақ азаматтарды қабылдау аудандық әкімдіктерде және «жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтеді. Жұмыс әр өтініш бойынша жүргізіледі, мысалы, өтініш білдіргендердің бір бөлігі мамандық алуға оқытудан өтеді, балабақшаларға жолдама алады, медициналық көмек алды, тұрғын үй алуға кезекте тұрды.