Қоғам • 29 Қыркүйек, 2019

Atyrau Jastar Fest өтті

391 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау қаласында «Atyrau Jastar Fest» фестивалінде ММА бойынша төрт күн бойы әртүрлі жарыстар ұйымдастырылды. Турнирді Мәдениет және спорт министрлігі, Атырау қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Atyrau Jastar Fest өтті

Фестивальге UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов, UFC сарбаздары Зубайра Тухугов және Ислам Махачев қатысты. Сондай-ақ Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов (Хабиб Нурмагомедовтің жаттықтырушысы) жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізді.

Атырау облысы әкімдігі мен меценат Ибрагим Ақдрашевтың қолдауымен велоорталық ашылды.

Бокстан биылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов, бокстан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы және бокстан биылғы Әлем чемпионатының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев жастармен кездесті.

Сондай-ақ осы шара аясында Атырау қаласында көптен күткен GFC-17 және Қазақстанның Жауынгерлік өнер Ассоциациясы ұйымдастырған «Jayynger» промоушенінің турнирі өтті. Кеш қонағы Абдулманап Нурмагомедов пен Хабиб Нурмагомедов болды. Ұйымдастырушылар Атырау жеріндегі кештің тартысқа толы өткенін және алдағы уақытта Қазақстанның басқа да қалаларында жекпе-жек кештерін ұйымдастыруды жоспарлап отырғандарын айтты.

ээ

- Мұндай кештер халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға және де Атырау жерін әлемге танытуға септігін тигізеді, - деді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.

Турнирдің басты ұйымдастырушылары ҚР панкратион федерациясы мен Атырау облысы жауынгерлік өнер Ассоциациясы. Ұйым директоры Ерлан Хисметұлы -Мұндай кәсіпқой кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады, -деді.

GFC-17 турниріне бес бірдей атыраулық спортшы қатысты. Олар: Абылай Төлеш, Дәурен Ермеков, Жалғасұлы Жұмагелді, Нұрберген Шарипов, және Талғат Жұмағалиев.

жж

Аралас жекпе-жектен бөлек Муай-тай спортынан да үш кәсіби кездесу өтті. Онда жергілікті спортшы Әбіл Галиев Тай спортшысын нокаутпен жеңді.

Фестивальдің қорытынды бөлімінде Атырау қаласыдағы Исатай және Махамбет алаңында стрит-бол, асық ату, кір тасын көтеру спорты, армрестлинг, шахмат, стрит воркауттан үлгі көріністер мен жарыстар өтті.

Жарыс соңында Атырау қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына концерт ұйымдастырылды.