ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты дамыту елдің сыртқы экономикалық саясаты басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, Қазақстанның ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылы туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Ә.Ирғалиев хабардар етті. Ол 2015 жылы ЭЫДҰ-мен үш жылға арналған Елдік бағдарламаға қол қойылғанын атап өтті (2015-2018 жж.).
2020-2021 жылдарға арналған ЭЫДҰ-мен жаңа жобалар туралы Әділет министрі М.Бекетаев, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Ә.Ирғалиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов баяндады. Өз кезегінде, ЭЫДҰ жаһандық қатынастар хатшылығының Еуразия бойынша дивизия басшысы У.Томпсон Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының қорытындылары мен одан арғы ынтымақтастығы туралы айтып берді.