Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019

Азаматтарды қабылдады

149 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасының Nur Otan партиясының Саяси кеңесінде берген халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыру бойынша тапсырмасының, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру бойынша міндеттердің аясында Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдауды өткізді.

Азаматтарды қабылдады

Nur Otan қабылдауына елі­міздің түрлі өңірлерінің тұр­ғын­дары электрмен, сумен жаб­дықтаумен қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды дамытуға қа­тысты проблемаларымен жә­не басқа да мәселелермен жү­гінді. Күмісжан Мифтахова Ақ­мо­ла облысы Целиноград ауданы Талапкер кентінің 14 мың­нан астам тұрғынының аты­нан аталған елді мекенді электр­мен қамтамасыз ету мәселе­сін көтерді – кентте небәрі 10 транс­форматор қосалқы стансасы жұмыс істейді, соның сал­­дарынан энергиямен қамта­масыз етуде проблемалар туындап отыр.

А.Мамин Энергетика минис­тр­лігіне және Ақмола облы­сының әкімдігіне қысқа уақыт ішінде үздіксіз электрмен қамтамасыз етумен АТЭК балансына барлық электр­мен қамту нысандарын беру мә­селесін пысықтауды, сондай-ақ тарифтегі айырмашылықтарды азайтуды қарастыруды тапсырды.

Алматы облысы Қара­сай ауданының тұрғыны Ба­заркелді Анисов қабылдауға «Ақсеңгір – Шамалған» темір жол өтпесінде көпір салу туралы өтінішімен жүгінді.

«Көпір мен жаяу жүр­гін­шілер өткелі салынып, 2020 жыл­дың соңына дейін пай­да­­ла­нуға беріледі», деді А.Мамин.

Премьер-Министр Индус­трия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және Ақ­мола облысының әкімдігіне нақты тапсырмалар берді. Со­нымен қатар жергілікті билік орындарына тұрғындар мен автокөлік құралдарының темір жолды күнделікті әрі қауіпсіз кесіп өтуіне байланысты ағым­дағы мәселелерді шешу тапсырылды.

Алматы облысы Еңбек­ші­қазақ ауданының 330 тұрғы­нының атынан партия қабыл­дауына аудандағы 11 кентті орталықтандырылған сумен қамту проблемасын шешу өтінішімен Асыл Байтулақов жүгінді.

Үкімет басшысы қазіргі уақытта құны 4,5 млрд тең­ге болатын топтық су тарт­қыш­тарын салу жобасы әзір­лен­-
генін айтты, бұл келесі жылдың соңына дейін туындап отырған ауданды сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Атырау қаласынан келген кәсіпкер Өтеміс Жұмағалиев «Атырау – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша әуе билеттерінің құнын төмендету туралы мәсе­лені көтерді.

А.Мамин Тұңғыш Пре­зи­дент – Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында әуе билеттерінің құнын төмендету және бәсекелестікті күшейту мақсатында «Fly­Arys­tan» әуе компаниясы құрыл­ғанын айтты, ол 2020 жылдың мамыр айынан бастап Атырауға әуе рейстерін орындауды бас­тайды. Бұл ретте әуе билеттері оларды алдын ала сатып алған жағдайда ең төменгі тариф бо­йынша сатылатын болады (5-10 мың теңге). Сонымен қатар көлік қатынасын жақсарту үшін «Атырау – Ақтөбе» және «Атырау – Астрахань» автожолдары қайта жөнделеді.

Nur Otan партиясының қо­ғамдық қабылдауына Шымкент қаласының 195-орамының (Бадам) 3400 тұрғынының атынан мектеп мұғалімі Гүлназ Әбдірова жүгінді. Оның айтуынша, ауданда электр беруде үнемі іркілістер бар.

Премьер-Министр Шым­кент қаласында 195-орамының 828 үйін электрмен жабдықтау үшін 244 млн теңге бөлінгенін айтты. Жұмыстарды осы жылдың желтоқсан айында аяқтау көзделген. Су құбырын және газ желілерін салу келесі жылға жоспарланған.

Қаралған әрбір жүгіну бойынша Үкімет басшы­сы әкімдіктердің, сондай-ақ министрліктер мен ведомство­лардың басшылығына нақты тапсырмалар беріп, азаматтарды көтерілген мәселелердің шешімі жеке бақылауына алынатынына сендірді.

Алдағы уақытта азамат­тар­дың өтінімдеріне шұғыл әрекет ету мақсатында Премьер-Ми­нистр Үкімет мүшелеріне Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауларында халықпен жүйелі түрде кездесулер өткізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар