Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019

Жаһандық ахуалға сай жаңа қадам

185 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясының жұмысына қатысуы тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ұстанымдары мен басымдықтарын ілгерілету ісінде үлкен маңызға ие. Бұл ретте Қ.Тоқаевтың БҰҰ құрылымдарындағы мол еңбек тәжірибесі еліміздің халықаралық беделінің артуына және әлемдік аренада жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне ықпал етері сөзсіз.

Жаһандық ахуалға сай жаңа қадам

Шараның күн тәртібіне қойылған тақырыптар сан салалы әрі өзекті. Ол жалпы алғанда, бұған дейін Елбасы түрлі халық­аралық алаңдарда жария еткен Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларымен тығыз байланысты. Атап айтсақ, кедейшілікті жою, адами капиталды жақсарту, жаhандық климаттың өзгеруі және т.б. көкейкесті мәселелер.

Тәуелсіздік жылдарында еліміз Тұңғыш Пре­зи­денті­міз­дің жоғары беделі мен сарабдал саясаты арқасында ғалам­дық даму, жаһандық қару­сыз­дану мен өрлеудің белсенді жақ­тау­шысы ретінде әлемге танылды.

Қ.Тоқаевтың бұл жол­ғы са­па­ры­ның мақсаты – Қазақ­ста­нның халықаралық жетіс­тік­­терін нығайта отырып, оны қазір­гі жаhандық ахуалға сай жан­дандыру.

Екінші жағынан, Қ.Тоқаев­тың АҚШ-қа сапары қарсаңын­да америкалық The Hill газеті жа­риялаған мақалада атап өтіл­гендей, Қазақстан экономикасына шетел капиталын тарту мәселесіне зор көңіл бөлінбек.

Қазақстан Президенті мақа­ласында «Мен инвес­тициялық ахуалды жақсартуды және елі­мізде бизнесін жүргізіп отырған халықаралық серік­тестеріміз өздерін қауіпсіз әрі жай­лы сезін­гендерін қалай­мын», деген-ді.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметі алдына алдағы 5 жылда 30 млрд АҚШ долларынан астам қаражат тарту мін­деті жүктелген болатын. Демек, бұл саладағы мемлекет бас­шы­лығының стратегиялық ұс­та­ным­­дарын анықтау тұр­ғы­сында осынау беделді халықаралық алаңды пайдалану маңызды.

Осы тұста, АҚШ-тың іскер­лік ортасымен байланысты кеңейтуге бағытталған ресми емес кездесулерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ АҚШ-тың саяси истеблишменті мен сарапшылар қауымдасты­ғы өкілдерімен тікелей диалог ұйым­дастырылғаны да еліміз үшін маңызды.

Осы орайда, Қазақстан Прези­дентінің сапарын алдын ала ресми құлақтандырған және елі­міз­дің сыртқы саяси басым­дық­тары бойынша оның көзарас­тарын толық сипаттаған мақаласы­ның The Hill ақпараттық ресурсын­да жарық көруі кездейсоқ бол­ған жоқ. Аталған құрал Конгресс қызметі және жалпы алған­­д­а Вашингтонның «үлкен саясаты» бойынша маманданған Американың беделді саяси басы­лымдарының бірі саналады. Басы­лымның негізгі аудиториясы – саяси шолушылар мен сарапшылар, лоббишілер мен шешім қабылдау үдерісіне қатысы бар басқа да тұлғалар.

Ерлан МӘДИЕВ,

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы