Руханият • 30 Қыркүйек, 2019

«Қашқын» телехикаясы: адам мен қоғам апогейі

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Qazaqstan» Ұлттық телеар­насы түсірген детектив жанрын­­дағы алғашқы телехикая кө­рерменге жол тартты. Жұ­мыс күндері «Қашқын» атауы­мен эфирге шығатын туынды қоғамның өзекті мәселесіне ай­налып отырған жемқорлық, теріс діни ағымдардың әсері, дәс­түрдің құнсыздануы, отбасы құн­дылықтары сияқты сан түрлі тақырыптарды арқау етеді.

«Қашқын» телехикаясы: адам мен қоғам апогейі

Сонымен қатар телехикая бүгінгі замандағы құқық қорғау өкілдерінің аса қауіпті қылмыскерлердің жолын кесудегі кәсіби жұмысы мен қоғам ал­дындағы ауыр міндетін ашып көрсетеді.

«Жемқорлық пен ашкөздік жай­лаған қоғамда сенім, бірлік, бауыр­малдық жоғалады. Жаңа туынды биік адамгершілік қасиет пен адал еңбек жолы ғана қоғамды жақсылыққа жете­лейтінін, адами өрке­ниеттің негізі таза жолмен қызмет ету екенін ашып көрсетуді мақсат тұтады. Телехикая оңай жерден олжа іздеген жанның қай­шылыққа толы, жағымсыз өмірін бейнелеу арқылы өзгелерге ой салуды көздейді. Туындының негізгі идеясы – айналасына зиянын тигізетін адамның өмірі тығырыққа тірелетінін, заң әділдігінің қай кезде де үстемдік құратынын көрсету», дейді «Қазақстан» ҰТА Эфирлік саясат дирекциясының директоры Бағжан Бимұратова.

кино

Басты рөлдерді Қазақстанның ха­лық әртісі Тілектес Мейрамов, Қазақ­станның ең­бек сіңірген қайраткері Бауыр­жан Қап­тағай сынды елімізге белгілі таны­мал актерлар сомдайды. Телехикая «Qazaqstan» Ұлт­тық телеарнасынан ап­таның жұмыс күндері 21:30-да көр­сетіледі.

 «Егемен-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20