Жеке экспозиция Қамысты полицейлерінің спорттық жетістіктеріне арналған. 2015 жылы олар Ұзынкөл ауданында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Бағит Қасымовты еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнирді жеңіп алды. Бұл турнир жыл сайын өткізіледі.
Қамысты орта мектебінің 11-сынып оқушылары мұражайдың алғашқы келушілері болды. Олар 70-жылдары кезекші бөлімдерде қолданылған "Миг" телефон коммутаторы бірегей экспонатын қызықтады. Сондай-ақ "Зенит" фотоаппаратын көрді.
- Мен 1957 жылы аудандағы алғашқы милиция бастығы подполковник Анатолий Корнилов болғанын білдім. Осы кезеңде ауданда бірінші милиция бөлімі құрылды,онда 15 милиционер жұмыс істепті. Қазіргі уақытта мұнда 40-тан астам полицей қызмет атқарады, - деді 11-сынып оқушысы Серікбай Мұжықов.
Арнайы стендте полиция бөлімінің 19 басшысының фотосуреттері орналастырылған. Мұнда 60-жылдардағы милиционерлердің нысанды киім-кешектері, олардың наградалары сақталады.
Қостанай облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев музейдің ашылуында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті. Қазан айының басында Бейімбет Майлин полиция бөлімінде ерлік бұрышы мен ескерткіш ашылады. Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткіштер облыстың бес ауданында ашылған.
1999 жылы Жітіқара қаласының полиция бөлімі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сандыбек Айтмұхамбетов Қамысты ауданының полиция бөлімінің бастығы болды. Ол дәл сол кезде полицейлерге осы мұражай ашылған қазіргі ғимарат бөлінгенін еске алады.
Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Бекмұхамбетов өз сөзінде жергілікті атқарушы билік полицияның материалдық-техникалық жабдықталуын қолдайды деп атап өтті. 2017 жылы мұнда техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған заманауи тир салынды. Музейдің ашылуы аудан тұрғындары үшін маңызды оқиға болды.