16 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1638

245 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1638

Сенбі, 16 ақпан 2013 6:22

2012 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі

«Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 184қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 184 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 31, 408-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларыңда:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Бюджеттік субсидияларды төлеуді бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2012 жылғы 22 наурыздан бастап 31 шілдеге (қоса алғанда) дейін Қытай Халық Республикасына не оның аумағы арқылы транзитпен, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен бірінші, екінші және үшінші сыныпты азық-түліктік бидайды тасымалдаған жағдайда экспорттаушылардың шығындарды жүзеге асыруын растайтын құжаттардың негізінде бір тоннаға 4000 теңге мөлшерінде жүзеге асырады.».

2.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.