Аймақтар • 01 Қазан, 2019

Жетібай ауылында экоөнімдер өсіруге қатысты жиын өтті

695 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында «Экоөнімдерді өсіру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ауылдағы кітапханада өткен шарада мемлекеттік органдарының өкілдері, ауыл әкімі, аудандық мәслихаттың депутаттары, сала басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер және кәсіпкерлер қатысты.

Жетібай ауылында экоөнімдер өсіруге қатысты жиын өтті

Жетібай ауылының экологиялық ахуалы және ауыл шаруашылығын дамыту, аймақтың «жасыл экономикаға» дайындығы туралы мәселелер сөз болды. Сонымен қатар 2019 жылға арналған азық-түлік өнімдерінің қаупсіздігі жөнінде жасалған талдау жұмыстары және мониторинг жайлы да айтылды.

Айта кету керек, бұл іс-шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Халықаралық экология академиясының қолдауымен өтті. Ал қаржылай қолдау «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕҰ тарапынан «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық бірлестігінің «Балалар және қоршаған ортаны қорғау» жобасын жүзеге асыру аясында жүргізілуде.

Дөңгелек үстелге Маңғыстау облысы Экология департаментінің өкілдері Ғ.Меңдіғали және М.Құрманғалиев қатысты.

Департамент өкілі экологиялық реттеу бөлімінің негізгі қызметтеріне қысқаша тоқталып өткен болатын. Әсіресе, қоршаған ортаны жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамда экологиялық тұрғақтылық деңгейінде қолайлы жағдайға қол жеткізу, мемлекеттік экологиялық сараптамалар қалай жүргізілетіндігі және эмиссияға рұқсат беру тәртібі туралы айтып берді.

Басқосуда, әсіресе, Жетібай ауылында таза экологиялық ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, егіншілік және мал шаруашылықтарын одан әрі дамыту жолдары, эконөнімдерді және тауарлардың ерекшеліктерін анықтау сұрақтарына көбірек көңіл бөлу қажеттігі сөз болды, әсіресе, эконөнімдер жүйесін сертификаттауды реттеу және ауылшаруашылығы қызметін экологиялау механизмдерін жетілдіру қажетті айтылды.

Егер ауыл шаруашылығы саласы өз деңгейінде қолдау тауып отырса, Маңғыстау өңірінде экоөнімдер рыногы қарқын ала түсері сөзсіз деп қорытындылады дөңгелек үстелге қатысқандар.

 

Маңғыстау облысы