Руханият • 01 Қазан, 2019

Маңғыстауда Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына арналып облыстық драма ұжымдары байқауы өтті.

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Еңбек ері, халық жазушысы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған облыстық драма ұжымдарының байқауы өз кітабының атына сәйкес «Алтын шуақ» деп аталды.

Маңғыстауда Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына арналып облыстық драма ұжымдары байқауы өтті.

Байқау «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының «Елімізге танымал, өңіріміздің, ұлы есімдерін мақтан тұтамыз» жобасы бойынша облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Көркем өнерпаздардың шеберіліктерін шыңдау, мүмкіндіктерін көрерменге көрсету, драмалық жанрдың репертуарлық базасын нығайтып, оның дамуына ықпал ету, қойылымдардың көркемдік идеялық деңгейін арттыру және Әбіш шығармаларын насихаттау мақсатындағы шараға Маңғыстаудың аудан-қалаларынан он драма ұжымы қатысты.

Театр байқауына Жаңаөзен қаласы «Алтын шаңырақ» халықтық театры, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе халықтық драма ұжымы, Қарақия ауданы Сенек «Көз әйнек» драма ұжымы, Қарақия ауданы Мұнайшы «Қара шаңырақ» драма ұжымы, Бейнеу ауданы Ақжігіт халық театры, Маңғыстау ауданының Жыңғылды халықтық драма ұжымы, Онды халықтық драма ұжымы, Жармыш халық театры, Ұштаған драма ұжымы, Түпқараған аудандық драма ұжымы, орталық қызметкерлері қатысты.

Байқау қорытындысында І орын Маңғыстау ауданы Жыңғылды халықтық драма ұжымына, ІІ орын Жаңаөзен қаласы «Мұнайшы» мәдениет үйінің халықтық «Алтын шаңырақ» драма ұжымына, ІІІ орынды Мұнайлы ауданы Қызылтөбе мәдениет үйінің  халықтық драма ұжымы мен Қарақия ауданы Сенек ауылының «Көз әйнек» драма ұжымына бұйырды. Ал Бейнеу Ақжігіт халықтық драма ұжымы, Қарақия ауданы Мұнайшы «Қара шаңырақ» драма ұжымы, Маңғыстау ауданы Жармыш халық театры, Маңғыстау ауданы Онды халықтық драма ұжымы, Маңғыстау ауданы Ұштаған халықтық драма ұжымы, Түпқараған аудандық мәдениет үйінің драма ұжымына Алғыс берілді.

Сондай-ақ, байқау аясында «Үздік сценарий» жүлдесі  Маңғыстау ауданының қатысушылары Л.Сәдуоваға, «Үздік суретші» жүлдесі М.Есеновке, «Үздік әйел адам рөлі» үшін жүлдесі С.Зоранға берілсе, «Үздік эпизодтық роль» үшін сыйлығына  Г.Меди, «Үздік эпизодтық роль» номинациясы А.Асқанбаев лайықты деп танылды. «Үздік костюмер» және «Үздік режиссер» атағы Қарақия ауданынан келген М.Қуантқановаға, «Үздік ер адам рөлі» атағы бейнеулік Ә.Көмековке табыс етілді.