Аймақтар • 01 Қазан, 2019

Бүйрегін ауыстырған алматылық келіншек ана атанды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше  Алматыдағы  Перинатология және балалар хирургиясы орталығында 2014 жылы  бүйрегіне туыстық трансплантация жасаған келіншек аман-есен босанып, ана атанды.  Өзге елдерде мұндай пациенттердің 25-35% түсік тастайды. Бұл ақпаратты  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Бүйрегін ауыстырған алматылық келіншек ана атанды

«Трансплантолог, нефролог, гинеколог және басқа мамандардан құралған дәрігерлер тобының көмегімен бұл пациенттің жүктілігі және кесар тілігі сәтті өтті. Нәтижесінде салмағы 2 келіден асатын сәби дүниеге келді. Дәрігердің тексеруінен кейін бала анасымен бірге», - делінген хабарламада.

Әлемдік статистика өзге елдерде мұндай пациенттердің 25-35% түсік тастайды, мерзімінен бұрын босанады немесе бала іште жатып шетінейді. Сондықтан трансплантация жасатқан науқастар жүктілікті жоспарламас бұрын мұқият тексеруден өтеді, сондай-ақ, аяғы ауыр болған жағдайда олар иммуносупрессивті терапия қабылдауы тиіс, өйткені трансплантат (бүйрек ауыстыру) функциясын жоғалтуы мүмкін немесе пациенттің өміріне қауіп төндіруі ғажап емес.

 

АЛМАТЫ