Экономика • 02 Қазан, 2019

Инвесторлар қызметін халыққа түсіндіру шарт

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында 30 қыркүйекте «Астана» халықаралық қаржы орталығы өкілдерінің қатысуымен инвесторлардың халықаралық апталығы басталды.

Инвесторлар қызметін халыққа түсіндіру шарт

Іс-шараға «Астана» халықара­лық қаржы орталығының делегациясы, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының академиялық топтарының өкілдері қатысуда. Кездесу инвесторлардың халықара­лық апталығына (World Investor’s Week) орайластырылып, Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының (IOSCO) қолдауымен өткізіліп жатыр. Ол халықтың инвестициялық сауатын арттыруға бағытталған.

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті  2018 жыл­дың маусымында IOSCO-ға ассо­циацияланған мүшесі ретінде қабыл­данды. IOSCO бүкіл әлемдегі бағалы қағаздар нарығының реттеуші органдарын біріктіреді және бағалы қағаздар нарығы үшін халықаралық стандарттарды белгілейді. IOSCO мін­деттеріне ұлттық реттеуші орган­дармен бағалы қағаздар нарығын реттеудің халықаралық танылған стандарттарын әзірлеу, енгізу және сақтауға жәр­дем­десу жөніндегі ынтымақтастық орнату кіреді. Оның жұмысы туралы интер­неттегі www.iosco.org ресми сайтында жан-жақты дерек алуға болады.

Іс-шара қалыптасқан дәстүрге сәйкес қазанның алғашқы аптасында әлемнің 80 елінде өткізіледі. Мақсаты – халықты инвестициялаудың негіз­дері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және қаржылық қызметтер тұтыну­шыларын қорғау.

Биыл халықаралық инвесторлар ап­­та­лығы АХҚО-ның қатысуымен 30 қыр­­күйек пен 6 қазан аралығында Қа­зақ­­станның 6 қаласында – Петропавл, Ақтау, Қарағанды, Түркістан, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында өтеді.

 

ПЕТРОПАВЛ