Аймақтар • 02 Қазан, 2019

«Бірыңғай есеп беру күнінде» бизнес жайлы талқыланды

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұйымдастаруымен «Бірыңғай есеп беру күні» өтті.

«Бірыңғай есеп беру күнінде» бизнес жайлы талқыланды

«Бірыңғай есеп күнінің» мақсаты бақылау және қадағалау қызметін реформалау аясында жүзеге асатын шараларды түсіндіру мен кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болып отыр. Алғашқы шараға облыстық прокуратура, жергілікті полиция қызметі, көші-қон полициясы, мемлекеттік кірістер департаменті, экология департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, еңбек инспекциясы сияқты мемелкеттік қызмет көрсететін мекемелердің өкілдері келіп, қажетті кеңес берді.

Кәсіпкерлер тарапынан жерді пайдалану мен қорғауға және сәулет-құрылыс бақылауы инспекциясы барысында жиі кездесетін заң бұзушылықтар туралы сауалдар қойылды.

-Кездесу барысында бақылау және қадағалау органдарының қызметкерлері кәсіпкерлермен әңгімелесіп, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нәтижелерін талқылады және олардың пікірлерін тыңдады. Бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға орай қолға алған шарамыз. Келешекте мемлекет пен бизнестің кері байланысын қалыптастыру мақсатында есеп беру күндері жиі өтіп тұрмақ, - дейді Алматы облыстық өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Ерлан Рамазанов.