Бұған дейін жергілікті атқарушы органдар жыл сайын көше саудасын ұйымдастыруға 1 жылдық мерзімге жер учаскелерін бөліп келді. Сауда алаңдарын жабдықтап, орналастыруға, құйылған қаржыны қайтарып алуға бұл уақыт әрине аздық етеді.
Жаңа бағдарламаның тиімді тұсы да осы, қатысушыларға жер 3-5 жыл аралығында жалға беріледі. Бұл өз кезегінде бизнестің дамуына және қаланың сәулет келбетіне сән беруге мүмкіндік ашады. Жоба шартына сәйкес әр түрлі әлеуетті қатысушылардан 1 жер учаскесіне кемінде 4 өтінім түскен жағдайда, учаскелер комиссия таңдауымен ұсынылады. Ал 1 жер учаскесіне әр түрлі әлеуетті қатысушылардан 4 немесе одан да көп өтінім түссе, аукцион өткізіледі.
-Бүгінге дейін 68 жер учаскесіне конкурс өткізілді, комиссия қорытындысымен 35 жеңімпаз анықталды,-дейді «Атырау» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Таханов.
-Біз олармен фаст-фуд, кофеханалар, көкөністер, тамақ өнімдері, нан өнімдері, ет өнімдері мен компьютерлік қызметтерді сатуға арналған сауда павильондарын салу үшін жер учаскелерін жалға беру туралы келісім жасадық. Сауда павильондарын орнату жұмыстары басталды.