Жас әншілердің өнерін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Люция Төлешева, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Гүлмира Жукупбаева және басқалар бағалады.
Арқа төсін екі күн бойы әнге бөлеген байқаудың бас жүлдесі Түркістан облысынан келген Бахтияр Ақылбекке бұйырды. Бірінші жүлдеге шығысқазақстандық әнші Әлия Әкенова лайықты деп танылса, екінші және үшінші жүлделерді, тиісінше Алматыдан келген Эльдар Омаров пен шымкенттік Дидар Әбдухалық өзара бөлісті.
Республикалық «Жұлдыз-2019» эстрадалық ән байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен және естелік мүсіншілермен марапатталды.