Аймақтар • 02 Қазан, 2019

Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шығармашылық байқау өтті

828 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласы «Мұнайшы» мәдениет үйінің базасында Қазақстан Республикасы Президентінің даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға кіріктіру мәселелеріне зор көңіл бөлу туралы тапсырмасын орындау және Жаңаөзен қаласының әлеуметтік жайдайларын оңалту, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында облыстық «Сырлы әлем» мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шығармашылық байқауы өтті.

Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шығармашылық байқау өтті

Байқау мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың ерік-жігерін нығайту, талантын ұштап, дарынды өнер иелерін халыққа таныту, мүгедек жандарға өздері өмір сүріп жатқан қоғамда, белгілі орыны бар толыққанды мүшесі екенін сезінуге мүмкіндік жасау, өз мүмкіндіктеріне сендіру, олардың арасынан белсенді адамдарды анықтап, өзгелерге үлгі ету, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, әлеуметтік бейімдеу.

Облыстың қала, аудандарынан келген мүмкіндігі шектеулі өнер иелері жеке ән салу, аспапта орындау (гитара, домбыра, фортепиано, баян), көркемсөз оқу (поэзия, көркемсөз, авторлық шығармалар) және қолөнер (зергерлік, тоқыма, қолөнер бұйымдары) сынды төрт номинация бойынша сынға түсті.

Байқауға аудандан, қалалардан мүмкіндігі шектеулі 39 өнерпаз қатысты. Жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Маңғыстау облысы