Президент • 03 Қазан, 2019

Елорда әкімін қабылдады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елорда әкімін қабылдады

Мемлекет басшысына әлеу­меттік әлсіз топтарды қолдау мақ­сатында ашылған «Жанұя» орталығының жұмысы, енді салынатын иппотерапия және екі бірдей оңалту орталығы жайында баяндалды.

Қазақстан Президентінің үй кезегінде тұрған азаматтарды, оның ішінде аз қамтылған отбасыларды, жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамту мақсатында қолжетімді баспана құрылысын арттыру туралы тапсырмасының орындалу барысы жайында есеп берілді.

Елорда әкімі үлескерлік проб­лемалы құры­лыстар жайы, қала шетіндегі ауыл-аймақтарды да­мыту мәселесі алдағы 3 жылдық бюджетте қарас­­ты­рылғанын атап өтіп, қаланы газбен қамту бо­йынша атқарылып жатқан жұмыстар тура­лы жет­кізді.

Қаланы абаттандыру бойынша есептен белгілі болғандай, ескі алаңның аумағынан бас­тап шаһардың екі жағын қосатын жаяу жүргіншілерге ыңғайлы жол төселеді. Жалпы, жаяу жүр­гіншілерге ыңғайлы 80 шақырым жол төселіп, алдағы 3 жылда 100 шақырымнан астам веложол салынады.

Сумен қамту жұмыстарын жетілдіру үшін атқарылатын шаралар туралы да айтылды.

Қала әкімі шаруашылықпен қатар мегапо­листің мәдени өмірі бойынша да жоспарлар­мен бөлісті. Нұр-Сұлтан қала­­сында ұлы Абайдың 175 жыл­ды­ғына орай «Абай әлемі» орта­лығы бой көтереді. Соны­мен қатар Сәкен Сейфуллин, Бейім­бет Майлин және Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойларына байланысты қоладан құйылған «Үш арыс» ескерткіші орнатылады.

Мемлекет басшысы қаланы одан әрі дамыту бойынша бір­қатар нақты тапсырма берді.