Президент • 03 Қазан, 2019

Қаржы нарығындағы қызметті тиімді үйлестіру тапсырылды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қаржы нарығындағы қызметті тиімді үйлестіру тапсырылды

Мемлекет басшысына Ұлттық банк қызметінің және еліміздегі қаржы нарығының соңғы 9 айдағы жағдайы, инфляцияны нысаналы дәліз шеңберінде сақтау, экономиканы несиелендірудің сапалы өсуін қамтамасыз ету туралы баяндалды. Сонымен қатар жеңілдікпен несиелеу бағдарламаларын іске асыру шаралары, екінші деңгейлі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау жөнінде мәлімет берілді.

Е.Досаев Мемлекет басшы­сының бұған дейін берген тапсыр­ма­ларының орындалу барысы жайына да тоқталды. Атап айтқанда, Ұлттық банк төрағасы Президенттің қиын жағдайға тап болған азаматтардың тұтыну несиелері бойынша қарыздарын кешіру, айып­пұлдар мен өсімпұлдарды қыс­қарту жөніндегі тапсырмасы бойынша атқарылған жұмыс­тардың қорытындысы туралы айтты.

Президент Ұлттық банк төр­ағасына қаржы секторындағы жұмыстарды тиімді үйлестіруді тапсырды.