Әлем • 03 Қазан, 2019

Күзгі сессияның жұмысына қатысуда

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Сәуле Айтпаева және Сергей Плотников Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) жетпісінші сессия төртінші бөлімінің жұмысына қатысуда.

Күзгі сессияның жұмысына қатысуда

Сенаторлар Сәуле Айтпаева мен Сергей Плотников ЕКПА парламенттік алаңында Еу­ропа Кеңесі Парламенттік Ассам­блея Төрағасының орынбасары Антонио Гутьерреспен, Қазақ­станмен парламентаралық әріптестік мәселелері жөніндегі фин депутаттарымен және Испа­ния мен Финляндия депутаттар тобымен бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізді. Депутаттар Құқықтық және адам құқықтары мәселелері жөніндегі комитеттің отырысына қатысты.  

Сессия аясында Еуропадағы омбудсмен қызметтеріндегі құ­қық бұзушылықтар туралы белгі беретін тұлғаларды қорғауды күшейту, терроризм құрбандарын қорғау мен қолдау, Еуропа Кеңесінің Даму банкінің, Молдова Республикасында демократиялық институттардың қызмет етуі, еврей мәдени мұрасын сақтау, Шығыс Еуропа елдерінен еңбек миграциясы мәселелерін қарастыру жоспарланып отыр, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.