Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Саммитке дайындық мәселелерін талқылады

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Түркі Кеңесінің Бас хатшысы, Бағдад Әміреев Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Саммитке дайындық мәселелерін талқылады

Бас хатшы мен министр алдағы 15 қазанда Баку қаласында өтетін Түркі Кеңесінің 7-ші саммитінің дайындық мәселелерін талқылады.

Кездесуде М.Тілеуберді ТМЫК-тың 7-ші саммиті барлық мүше мемлекеттердің мүдделеріне қызмет ететін халықаралық ұйымның тарихындағы айрықша оқиға болатынын атап өтті.

Б.Әміреев пен М.Тілеуберді Өзбекстанның Түркі Кеңесіне толыққанды мүше ретінде кіруіне, байқаушы ел Венгрияда Кеңестің Еуропалық офис-өкілдіктің ашылуына, Ұйымның экономикалық векторының нығаюына, сондай-ақ оның басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың барысына зор қанағаттанушылық білдірді.

Сыртқы істер министрі Бас хатшыға ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолындағы жұ­мыстарына сәттілік тілеп, алдағы саммит Түркі Кеңесіне мүше ел­дердің бірлігінің одан әрі нығайту жолында маңызды бір қадам болатынына сенім білдірді, деп хабарлады Түркі Кеңесі хатшылығының баспасөз қызметі.