Медицина • 03 Қазан, 2019

Болашақ ұрпақ саулығының іргетасы

486 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске қосылады. Президенттің Жолдауында жария етілген бұл жаңалық медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етумен байланысты. Жаңа жүйе арқылы халықты медициналық көмекке негізсіз жұмсалатын артық шығыннан арылтуға мүмкіндік туады.

Болашақ ұрпақ саулығының іргетасы

Еліміз үздік халықаралық тәжіри­бені ескере отырып, медицина­лық сақтандырудың аралас моделін таң­дады. Оның ерекшелігі – әлеуметтік аз қамтылған топтарды мемлекет өз қамқорлығына алып, олар үшін жарна төлейді.

Жаңа жылдан бастап азамат­тарға екі медициналық көмек пакеті ұсыны­лады. Тегін медициналық көмек­тің кепілдік берілген көлемі­нің жаңа үлгісі, яғни шұғыл және кезек күттірметін жағдайларда әрбір адамға көмек көрсетіледі. Екін­ші­сі – міндетті әлеуметтік медицина­лық сақтандыру пакеті. Бұл сақтан­ды­рылған әрбір адамның өмір сапасын жақсартатын медициналық көмек.

Президент маңызды құжатта: «Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оны жүзеге асыру мәселесіне зор жауап­кершілікпен қарауы қажет. Біздің қателесуге құқымыз жоқ», деп атап көрсетті. Қазір Атырау об­лысында жеке адамдар, ұжым­дар, ірі кәсіп­орындар жаңа жүйеге қызығу­шы­лық танытып, белсенділік­терін көр­сетуде. 2017 жылдың 1 шіл­де­сінен 2019 жылдың 31 шілдесіне де­йінгі аралықта облыс бойынша жалпы сомасы 12 млрд 508 млн теңге жар­на жиналды. Оның 96,4%-ы жұмыс беру­шілердің аударымдары бол­са, қалғаны жеке кәсіпкерлер мен аза­­мат­­тық-құқықтық келісімшарт не­гі­­зін­де еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

МӘМС – халық мүддесін әлеу­меттік тұрғыда қорғайтын мем­­лекеттік жүйе. Болашақ ұрпақ ден­сау­лығының іргетасы.

 Байтолла ҒАЗИЗОВ,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры