Әлем • 03 Қазан, 2019

Қазақстанның даму бағыты айқын

1015 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Коммунис­тердің 70 жылдық билігі Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени құрылымына күшті ықпалын тигізді. Бірақ арада Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ішкі және сыртқы салаларда ірі жетістіктерге қол жеткізуіне куә болып отырмыз.  Соңғы жылдарда Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеу­мет­тік және мәдени өзгерістер оң бағытта дамыды.

Қазақстанның даму бағыты айқын

Бұл жетістіктер жаңа Қазақ­станның негізін қалаған, осы елдің экономикалық және сая­си дамуының сәулетшісі Нұрсұл­тан Назарбаевтың сындарлы сая­сатының жемі­сі. Ол бұрынғы Кеңес Одағы­нан мұраға қал­ған ме­шеу экономикаға ие Қазақ­стан­ды әлеуметтік, адам құқығы мен де­мократия салаларында әлем­­дік талаптарға жауап бере­тін да­мыған мемлекетке айналдырды.

2019 жылы Н.Назарбаев мырзаның жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа би­лік­ті бейбіт түрде беруі Қазақ­­­стан­дағы демократияның бір үлгісіне жатады. Бұл Қазақ­станға көрші елдер үшін тосын жайт.

Орталық Азия және Кавказ елдеріне көз жүгіртсек, осы ел­дер­дің өткен 27 жылда саяси, эко­но­микалық және мәдени дамуына кедергі бол­ған ұлтаралық және діни қақтығыстарға куә бола­мыз. Бірақ Н.Назарбаев мырза­ның қырағы саясаты ұлт­тық мүддені қорғау және қауіп­сіз­дік мәселелерінде осы ел хал­қының бірлігіне және Қазақ­стан­ның әлемдегі демокра­тия­лық әрі дамыған ел ретінде танылуына жол ашты.

Қазақстанның аймақ пен әлемдегі ерекше рөлі мадақ­тауға лайық. Алматы­да Иран­ның ядро­лық келіссөз­дері­нің өткі­зілуі, Нұр-Сұлтан­да Сирия­да бейбітшілік орнату үшін оты­рыстардың ұйымдастырылуы, Қазақ­стан­ның ШЫҰ-ға мүшелігі, ИЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақстан халқы мен үкіметі үшін үлкен жетістік.

Сондықтан Президент Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың ел хал­қына Жолдауы Қазақ­стан­ның дамуын, қауіпсіздігін қам­тама­сыз етуге бағытталған әрі Н.Назарбаев мырза қалап кеткен елдің дамуы бағытын одан әрі жа­л­ғастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Президентінің Жолдауында өте маңызды мә­се­лелерге мән берілген:

- мемлекеттік органдар мен халықтық ұйымдарда демократияны нығайту. Азаматтардың құқығы үкіметтік құрылымның негізі болып табылады;

- экономикалық дамуға қол жеткізу, Қазақстанның дамуы және оны халықаралық айдында дамыған елге айналдыру үшін ғылым мен жаңа технологияларды пайдалану;

- ұлттық татулық, Қазақ­стан азаматтары ретінде бар­лық этностардың құқық­тары­на құрмет көрсету, діни ғұрып­тарын жасауына көмектесу, үкіметтің жаңа Қазақстанның негізі болып табылатын ха­лық­тың бар­лық азаматтық құқықтарын қолдауы;

- сыртқы саясатты дамыту, халықаралық айдында белсенді рөл ойнау үшін ай­мақ және әлем елдерімен халық­аралық байланысты нығайту, мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан хал­қы­ның жетістіктерін, техно­ло­гияларды игеруін, демо­кра­тиялық үкіметін паш ету.

Қазақстан Президент­і­нің Жолдауы саяси, экономика­лық, қауіпсіздік және мәдени салаларда нұсқаулық және жол картасы болып табылады. Оппозицияның наразы­лық біл­діру құқығын мо­йындап қана қоймайды, сонымен қатар келіссөздер және ұлт­­тық татулық пен бірлікті сақтау үшін пайдалы жолдарды ұсынады.

 Миргасем МУМЕНИ,

«Чешмандозе аброре навин» зерттеу орталығының бас директоры, халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы (Иран)