Экономика • 03 Қазан, 2019

Еттің бағасы күн санап қымбаттап барады

694 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Еттің бағасы күн санап қымбаттап барады. Сиыр етінің қара базардағы көтерме бағасы 1900 теңгеден асса, қой етінің бір келісі 1600, ал жылқы еті 2200 теңгеден түспей тұр. Бұл баға былтырғы жылдың осы мезгілімен мен салыстырғанда 20-30 пайызға жоғары. 

Еттің бағасы күн санап қымбаттап барады

«Қазақстан ет одағы» қауымдастығының төрағасы Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша,  бағаның қымбаттауына экспорт емес,  ішкі нарықтағы қымбатшылық себеп болып отыр. Соңғы  үш жылда жанар май бағасының өсуінен фермерлер мал бағасының бағасын көтеріп жатыр. 

Еттің қымбаттауына бірінші кезекте жанар-жағармай бағасының өсуі себеп. Мысалы, соңғы үш жылда дизель отыны үш есеге өсті. Бұл мал бағып отырған фермерлердің негізгі қажеттілігі. Екінші, еліміздегі жалпы инфляция. Төрт түлік -  фермерлердің негізгі кәсібі. Оларда шыққан шығындарының орнын толтыру керек. Егер бәрі қымбат болса, олар қалайша бағаны бір орында ұстап тұра алады. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, бұ­ған импорт кінәлі. Сырттан келетін еттің 85 пайызы алыс шетелдерден тасылады. Осы алыс елден келетін еттің бағасы өткен жылдың алғашқы жартыжылдығында 80,5 пайызға өскен. Жалпы, ет нарығындағы орташа бағаны көтеріп отырған жергілікті шаруа қо­жа­лықтарының емес, нақ осы сырттан келетін еттің бағасы дейді мамандар. Мұны ресми статистикалық деректер де дә­лелдейді. Ет импортының 83,7 пайызы алыс шетелдердің үлесіне тиеді. Қалған 16,3 пайызы ТМД-ның үлесінде.

Бағаның көтерілуіне себеп болып жатқанын айтады. Мемлекет тарапынан әлеуметтік мәселелерге қаражаттың жиі аударылуы еттің қымбаттауына алып келуі мүмкін. Мәселе, тезірек шешілмесе жұрт, халықтың негізгі азығы қолжетімсіз бола ма деп алаңдаулы. Малшылар мал бағасының өсуіне жем-шөп құны себеп десе сарапшылардың айтуынша еттің бәрі шетел асып жатыр деген шындыққа жанаспайды.

Сарапшылар ішкі нарықтағы ет бағасы әзірге қол жетімді екенін айтып отыр.  Ет экспорты мәселесі үкіметте сөз болғанымен, жалпыхалықтық сипат алып үлгерген жоқ, Бірақ мұның уақытша құбылыс екені байқалып қалды.  Ет экспорты отандық кәсіпкерлер үшін өте тиімді жоба. Қазақстанда келісін 1500 теңгеге саудалайтын етті ҚХР-да немесе Сауд Арабиясында  30-50 доллардан сатуға болатынын мемлекеттік деңгейдегі шенеуніктер талай рет айтты. Сол себепті, кәсіпкерлер  Қазақстанның етіне шетелдіктердің сұранысы артқан сайын, ішкі нарықтағы еттің де бағасы қымбаттай беретінін айтып отыр. Академик Көпмағамбет Елемесов ет экспорты ішкі нарыққа зиянын тигізбес үшін елімізде мал шаруашылығымен айналысып жүрген шаруа қожалықтарына белгілі бір мөлшерде квота енгізген дұрыс екенін айтады. Себебі ет экспорты жалпыға бірдей міндеттелсе, тонна қуалап жүргенде, шөп-шаламмен күн көретін ұлтқа айналып кетуіміз мүмкін.   

Экономист Тоқтар Есіркеповтың түсіндіруінше,   үкімет экспортқа ет шығарудан бұрын, алдымен ішкі нарықты етпен қамтамасыз етуге назар аударуы тиіс . Азық түлік тауарларының стандарттары бойынша совет үкіметі кезінде адам басына шаққанда жылына 82 килограм еттен келетін. Бұл ғалымдар анықтаған норма екен.  Ал 2000 жылдардың басында біздің үкімет 82 киллограмды 41-ге түсірген. Экономикалық серіктестік және даму ұйымының мәліметінше, қазақтардың ет өнімдерін тұтыну көрсеткіші бұдан да төмен көрінеді. Олардың есебінше, 2017  жылы жан басына шаққанда әрбір қазақстандық орта есеппен 36.5 келі еттен жеген екен. Соның өзінде бұл әлемдегі орта деңгейден әлдеқайда жоғары. Бірақ, жыл сайынғы төмендеп келе жатқан көрсеткіш жақсылықтың нышаны емес.

Мәселен, биылғы жыл бастала салысымен Қазақстан қалаларында ет бағасы тағы қымбаттады. Бір жерлерде 100-200 теңгеге өссе, кейбір қалаларда баға 500 теңгеге дейін қымбаттап кеткен. Ал Алматының кейбір базарларынан тіпті қойдың еті жоғалып кетті деген сөз бар.